ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сауд Арабиясының бас мүфтиі қайтыс болды
Сауд Арабиясы Корольдігі ислам әлемі мұсылмандарға зор қызмет еткен қымбатты ғалымынан айрылғанын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының бас мүфтиі қайтыс болды
Сауд Арабиясының бас мүфтиі қайтыс болды / AP

Сауд Арабиясының бас мүфтиі, әрі ширек ғасырдан астам уақыт бойы елдің ең жоғары діни жетекшісі болған, жасы 80-нен асқан Шейх Абдүләзиз бин Абдулла әл-Шейх сейсенбі күні өмірден өтті.
Мекке мен Мәдина сияқты Исламның қасиетті қалалары орналасқан Сауд Арабиясы  - әр мұсылман өмірінде бір рет орындауы тиіс қажылықтың мекені. Сондықтан бас мүфти Шейх Абдүләзиздің мәлімдемелері әрқашан ерекше назарда болатын.

Соңғы жылдары әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беру, кинотеатрлардың ашылуы сияқты әлеуметтік тұрғыдан либерал қадам басып,  Корольдікпен тығыз байланысты болған Шейх Абдүләзиз ДАИШ пен Әл-Каида секілді экстремистік ұйымдарды айыптаған еді.

Корольдікті 89 жастағы Салманның атынан басқарып  отырған тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман сейсенбі түні Эр-Риядта өткен жаназа намазына қатысты.

Сарай мәлімдемесінде: «Корольдік пен  ислам әлемі мұсылмандарға зор қызмет еткен көрнекті ғалымнан айрылды» делінген.

Жастайынан көру қабілетінен айрылған Шейх Абдүләзиз 1999 жылы Сауд Арабиясының Королі Фахдтың тұсында бас мүфти болып тағайындалған еді.

 

Іздеу
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр