ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған "Түркияның туу көрсеткіші төмендеді" деп ескертті
Түркия президенті Ердоған төмендеп жатқан туу көрсеткіші болашақ үшін қауіпті екенін және бұған бей-жай қарамау керектігін айтты.
Ердоған "Түркияның туу көрсеткіші төмендеді" деп ескертті
Ердоған "Түркияның туу көрсеткіші төмендеді" деп ескертті / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Анкарада өткен «Отбасы және мәдениет‑өнер симпозиумында» сөйлеп, отбасы институтына төніп тұрған қиындықтарды атап өтті.

Отбасы институтына қатысты мәселелерге назар аударып, Ердоған «Біз гендерлік бейтараптық пен ЛГБТК қозғалыстарына қарсы шаралар қабылдап жатырмыз, ешқандай жеңілдікке немесе салғырттыққа жол бермейміз» деді.

Ол әлемде ғаламдық капитализм,, мәдени империяшылдық пен цифрлық қоршау күшейіп жатқан кезеңде Түркияның отбасын сақтап қалуға бел буғанын баса айтты.

Президент сонымен қатар демографиялық дағдарыс туралы ескертіп, «Біз қазір апатпен бетпе‑бет келіп отырмыз» деді. Ресми деректер бойынша елдегі жалпы туу көрсеткіші өткен жылы 1,48-ге төмендеген.

Ердоған “Төмендеп бара жатқан туу көрсеткіші болашағымыз үшін қауіпті және «бұған салғырт қарай алмаймыз» деді.

Мамыр айында Ердоған Стамбулда өткен Халықаралық отбасылар форумында 2026 жылдан 2035 жылға дейінгі кезеңді «Отбасы және халық онжылдығы» деп жариялайтынын мәлімдеген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Емине Ердоған отбасы институтын нығайту үшін жаңа жаһандық көзқарас қажеттігін атап өтті

Ердоған «Отбасынан бөлектену мен жалғыздықты модернизация ретінде қабылдайтын көзқарас жеке адамға да, қоғамға да тыныштық әкелмейді» деді.

«Бұл өмір салты біздің қоғамның тініне тез сіңіп бара жатыр», — деді ол.

Басқа елдер де ЛГБТК қозғалысына қарсы шаралар қабылдады.

2023 жылы Ресей «халықаралық ЛГБТ қозғалысына» тыйым салды.

Қазіргі уақытта Венгрия, Болгария, Аргентина, Индонезия мен Грузия сияқты елдер отбасылық құндылықтарды ЛГБТ ықпалынан қорғауға бағытталған шаралар қабылдаған.

Сонымен қатар Африка құрлығында 30-дан астам, Азияда 22 ел, Америкада алты және Океанияда алты ел гендерлік бейтараптықты енгізуге қарсы қатаң шаралар қолдануда.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді