ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда 2 000 жылдық мәжіліс ғимараты табылды
Рим дәуіріне тиесілі бұл жәдігер ежелгі Анадолыда бұрын-соңды кездеспеген сәулет үлгісі құрылымына ие.
Түркияда 2 000 жылдық мәжіліс ғимараты табылды
/ AA

Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан, ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енген ежелгі Лаодикия қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 2 000 жылдық мәжіліс ғимараты табылды. Ғимарат ежелгі мегаполистің әкімшілік орталығы болуы мүмкін деген болжам бар.

2025 жылдың қазба маусымында табылған бұл ғимарат Түркияның Денизли аумағында орналасқан. Тарихы біздің дәуірімізге дейінгі 5500 жылдан бастау алатын көне қалада 22 жылдан бері археологиялық және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бұған дейін Лаодикияда жүргізілген қазбаларда фрескалармен безендірілген травертен блоктар, шамамен 3 метр биіктіктегі (шамамен 10 фут) атақты Рим императоры Траянның мүсіні, Траян фонтаны, бір діни қызметкердің бас мүсіні және Гомердің «Одиссея» эпосындағы қорқынышты Скилланы бейнелейтін мүсіндер табылған болатын.

Биыл археологтар қаланың саяси және сот орталығы болған ежелгі кеңес ғимаратында жұмыс жасады.

Қазбалар ежелгі Анадолыда бұрын-соңды кездеспеген бесбұрышты қабырғалар мен алтыбұрышты архитектурадағы ерекше мәжіліс ғимаратын жарыққа шығарды.

Тарихы б.з.д. І ғасырдың соңына дейін жететін бұл құрылыс 600–800 адамға арналған және б.з. VII ғасырына дейін қолданылған.

Орындықтарға қашалып жазылған есімдерден мәжілістегі қариялар, жастар және азаматтар анықталды. Саяси агора, архив залдары, үлкен монша кешені және аймақтың ең ірі стадионымен қоршалған бұл аймақ Лаодикияның Рим дәуірінде маңызды әкімшілік және сот орталығы болғанын растайды.

Іздеу
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Қаратеңіз жағалауындағы дрон шабуылынан екі түрік теңізші жараланды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті
Түркі мемлекеттері арасында электрондық сауда мен цифрлық қызметтер жеңілдейді
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
Францияда аптап ыстық
Украина: «Воронеждегі зымыран бөлшектерін шығаратын зауытқа соққы жасадық»
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Әзербайжанда кездесу өткізді
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Грек соты төрт түрікті соттады
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды