САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Пәкістандық сәулетші Газадағы геноцидке байланысты Израильдің марапатынан бас тартты
Лари ұзақ жылдар бойы табысы төмен қауымдарға тұрақты тұрғын үй мен экологиялық пештер ұсыну үшін еңбек етіп келеді.
Пәкістандық сәулетші Газадағы геноцидке байланысты Израильдің марапатынан бас тартты
/ Other

Пәкістанның алғашқы әйел сәулетшісі Ясмин Лари Тель-Авивтің Газаға бағытталған шабуылдарына байланысты Израильдегі “Wolf” архитектуралық сыйлығын қабылдамады.

Сәулетшінің марапатқа қатысты мәлімдемесі Instagram (@barefootsocialarchitecture) парақшасында жарияланды.

Марапат үшін "шексіз ризашылығын" білдірген Ясмин Лари "Газаға жасалып жатқан геноцидті" ескере отырып, үкіметтен тәуелсіз ұйым табыстағанымен де марапатты немесе ақшалай сыйлықты қабылдай алмайтынын мәлімдеді.

"Мен үшін кез келген зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайды. Өмірімнің көп бөлігін, оның ішінде климаттық мигранттарды қоса алғанда, босқындарды қолдауға арнадым. Өкінішке қарай Газа қазір ең ауыр қоныс аудару дағдарыстарының біріне айналды." деді ол.

“Wolf” сыйлығы және ауқымы

“Wolf” сыйлығы – 1978 жылдан бері Израильде беріліп келе жатқан халықаралық марапат. Сыйлық иегерлері "дініне, жынысына, нәсіліне, мекені немесе саяси көзқарасына қарамастан адамзат игілігіне үлес қосқан тұлғалар" ретінде сипатталады.

Бұл марапат медицина, ауыл шаруашылығы, математика, химия, физика және өнер салалары бойынша беріледі. Өнер номинациясы архитектура, музыка, кескіндеу өнері және мүсін сияқты санаттарды қамтиды.

Ресми сайтында "Wolf сыйлығы ғылым мен өнерді адамзат игілігі үшін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен өнер қайраткерлерін құрметтеу мақсатында беріледі. Бұл марапат арқылы біз әлемді жақсартуға атсалысқан жаңашылдар мен көшбасшыларды дәріптейміз" деп жазылған.

Әр санаттағы марапатқа диплом, Құрмет медалі және 100 000 доллар кіреді.

Лари сыйлықтан бас тартқаннан кейін ол қытайлық сәулетші Тяньтянь Сюйге берілді. Сюй "Қытайдағы ауылдарды экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан өзгертетін сәулет жұмыстары" үшін марапатталды.

Ясмин Лари кім?

1941 жылы Пәкістанда туған Лари 15 жасында отбасымен бірге Лондонға қоныс аударды. Оксфорд Брукс сәулет мектебін бітіргеннен кейін ол 23 жасында жұбайымен бірге Пәкістанға оралды.

Лари мен марқұм жұбайы Сухаил Захир Лари 1980 жылы Пәкістанның Мәдени мұра қорын құрып, елдің мәдени мұрасын сақтауда маңызды рөл атқарды.

Оның жұмыстары сәулет пен әлеуметтік әділеттіліктің тоғысуына бағытталған және әсіресе Пәкістандағы аз қамтылған қауымдастықтарға шешімдер ұсынуға арналған. Лари балшық, әк және бамбук сияқты табиғи материалдарды пайдаланып, 50 000-нан астам экологиялық тұрақты баспана және 80 000-нан астам экологиялық пеш салды.

2007 жылы бамбукпен жұмыс істей бастаған ол Хайбер-Пахтунхва провинциясының Сват аймағындағы қақтығыстардан зардап шеккендерге арналған қоғамдық асүйлер салды. Кейінірек елді жайпаған су тасқындарынан кейін судың үстінде орналасқан қоғамдық орталықтар тұрғызды.

2022 жылы Пәкістанда болған жойқын су тасқынынан кейін, су басудан қорғалған және тұрақты тұрғын үйлер салуға уәде берді.

Оның жұмысы дәстүрлі гуманитарлық көмектен тәуелділікті азайту арқылы жергілікті қауымдастықтарды күшейтуді мақсат ететін "Barefoot Social Architecture" (Жалаңаяқ әлеуметтік сәулет) деп аталатын білім алмасу жүйесіне негізделген.

2023 жылы Лари гуманитарлық қызметтері үшін Британдық Корольдік Сәулетшілер Институты (Royal Institute of British Architects) тарапынан Корольдік Алтын медальмен марапатталды. 2020 жылы  Лари “Jane Drew” сыйлығын иеленді.

Іздеу
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”