ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
Жаңа ережелер 15 жасқа толмаған балалардың платформаларға тіркелуіне тыйым салады.
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады. / AA

Түркия балалар мен жасөспірім қолданушылардың онлайн қауіпсіздігін күшейтуді көздейтін әлеуметтік желіге қатысты жаңа реттеуді күшіне енгізді.

Аустралия мен Франция секілді ұқсас шаралар қабылдаған елдердің қатарына қосылған Түркияда бұл реттеулер қауіпсіздікті арттыруға, платформалардың жауапкершілігін күшейтуге және зиянды контентке қарсы жылдам әрекет етуге бағытталған.

Жаңа ережелерге сәйкес, 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желі платформаларына тіркеле алмайды. Түркия компаниялардан жасты растау үшін тиімді жүйе енгізуді талап етеді.

Сондай-ақ провайдерлер 15 жастан асқан қолданушылар үшін жас ерекшелігіне сай сараланған қызмет ұсынуға міндетті болады.

Кезең-кезеңімен іске асырылады

Реттеулер аккаунт баптауларын басқаруға және экран алдында өткізілетін уақытты шектеуге арналған құралдарды талап ететін күшейтілген ата-ана бақылауы тетіктерін енгізді.

Әлеуметтік желі компаниялары жаңылыстыратын жарнаманың алдын алу және онлайн тәуекелдерді азайту үшін шара қабылдауға міндетті болады.

Ұлттық қауіпсіздікке қатысты шұғыл жағдайларда ірі платформалар контентті алып тастау жөніндегі бұйрықтарды бір сағат ішінде орындауға тиіс болады.

Түркияда күніне 10 миллионнан астам қолданушысы бар платформаларға қатаң міндеттеме жүктейді.

Қайталанатын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін платформалар бұрын өшірілген заңсыз контенттің қайта жүктелуіне жол бермеу мақсатында жасанды интеллектіні қолдануға міндетті болады.

Егер міндеттемелер орындалмаса, платформада жаңа жарнамаларды орналастыруға рұқсат берілмейді.

Ойын платформаларында да осы талаптар аясында жас ерекшелігіне сай тиісті рейтинг берілмеген ойындарға тыйым салынады.

Күніне 100 мыңнан астам қолданушысы бар шетелдік ойын платформалары ел ішінде заңды өкіл тағайындауға міндетті болады.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді