САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Палестиналық журналист Израиль шабуылдарының нәтижесінде тірідей өртеніп кетті
Израиль шабуылдарының нәтижесінде өртке оранған журналистің "Палестина бүгін" арнасының тілшісі Ахмед Мансур екені білдірілді.
Палестиналық журналист Израиль шабуылдарының нәтижесінде тірідей өртеніп кетті
/ x
7 Сәуір 2025

Израиль Хан Юнис қаласындағы Нәсір ауруханасының маңындағы аймақтарға соққы беріп, шығынға жол ашты.  Бұл шабуыл кезінде Палестина журналисі Ахмед Мансур тірідей өртеніп кетті.

Жексенбі күні интернетте тараған бейнежазбаларда журналистің өртке оранғанын, ал палестиналықтар мен құтқарушылар өртті сөндіруге тырысып жатқанын көруге болады. Хабарларға қарағанда, бұл журналист «Палестина Бүгін» телеарнасының тілшісі, әке және журналист Ахмед Мансур болып шықты.

«Израиль зымырандары әріптесіміз Ахмед Мансурды өртеп жіберді, ол қазір ауыр күйіктермен жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиға Нәсір ауруханасындағы журналистер лагеріндегі шатырды нысанаға алғаннан кейін болды», – деп жазды палестиналық журналист Уаел Абу Омар «X” әлеуметтік желісінде жазды.

Сонымен қатар бұл шабуылда тағы екі журналист қаза тауып, бірнешеуі жарақат алғаны хабарланды.

Журналистерге қарсы соғыс

Бұл қатыгез шабуыл Израильдің қоршаудағы аймақтағы геноцидті жариялап жатқан журналистерге қарсы жасаған шабуылдарының соңғысы болып табылады. Наурыз айының соңында Израиль «Әл-Жазираның» тілшісі Хуссам Шабат пен «Палестина Бүгін» телеарнасының тілшісі Мұхаммед Мансурды өлтірген болатын.

Газа геноциді басталғаннан бері Израиль шетелдік журналистердің аймаққа кіруіне тыйым салып, палестиналық журналистерді нысанаға алуды жалғастыруда. Өткен жылы Хуссам Шабат шетелдік журналистердің аздығы емес, палестиналық журналистердің өмірін қатерге тігіп, шындықты жеткізуіне  деген құрметтің жоқтығы басты мәселе екенін айтқан болатын.

Соңғы шабуылдардан кейін Израильдің қолынан қаза тапқан журналистер саны 210-нан асты. Наурыз айында «журналистерді өлтіруді соғыс қылмысы деп санауға бола ма?» деген сұраққа АҚШ тікелей жауап беруден бас тартып, Вашингтонның әрдайым Израильдің мүдделерін қолдайтынын мәлімдеген еді.

 

Іздеу
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды
Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр 23 жылға сотталды
Иранда қаза тапқандар саны 4519-ға жетті
YPG шабуылынан 7 адам қаза тапты
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті
Түркия кейбір күдіктеріне қарамастан Сирия–YPG келісімін қолдайды
Президент Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады
Миннеаполисте 10 мыңнан астам мигрант ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ өкілі Барракпен Сириядағы атыс тоқтату мәселесін талқылады
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Үндістан мен БАӘ байланыстарын нығайтпақ
ДАИШ-тің 81 тұтқыны қайта қолға түсті
Түркия Сирия армиясының қолдауымен ДАИШ лаңкестерінің босатылғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады