САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл ұсыныс жұма күні басталатын келіссөз үшін негізгі платформа қызметін атқаратынын мәлімдеді.
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады” / Reuters

Иран мемлекеттік телеарнасының (IRIB) хабарлауынша, АҚШ соғысты тоқтатуға бағытталған 10 тармақтан тұратын ұсынысты «принципті түрде» қабылдағанын білдірді. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні таңертең ерте жасаған мәлімдемесінде бұл ұсыныс кең ауқымды келісімге қол жеткізуді көздейтін келіссөздер үшін негіз болатынын атап өтті.

“IRIB” агенттігінің мәліметінше, бұл ұсыныс агрессивті әрекеттерге қарсы кепілдіктерді, Иранның Ормуз бұғазын бақылау құқығының сақталуын және уран байыту құқығының танылуын қамтиды. Сонымен қатар жоспар АҚШ-тың барлық алғашқы және екінші деңгейлі санкцияларын алып тастауды, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен МАГАТЭ-нің Иранға қарсы шешімдерін тоқтатуды, Тегеранға өтемақы төлеуді және АҚШ-тың әскери күштерін аймақтан шығаруды талап етеді.

Келіссөздердің негізі

Кеңес түпкілікті келісім Иранның талаптарының орындалуына және егжей-тегжейлердің нақтылануына байланысты екенін білдірді. Келіссөздер жүріп жатқан уақытта Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді Иран қарулы күштері қамтамасыз етеді.

Келіссөз жұма күні Пәкістанның делдалдығымен Исламабадта басталып, екі аптаға созылады деп жоспарланды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Тегеранның ұсынысын келіссөз үшін «қолайлы негіз» деп атап, Вашингтонның осы мерзім аралығында Иранға қарсы шабуылдарын тоқтата тұратынын айтқан болатын.

Жоспар сонымен қатар Ливанды қосқандағы барлық майдандағы шабуылдарды тоқтатуды көздейді. “New York Times” басылымының жазуынша, Пәкістан арқылы жеткізілген бұл жоспар тұрақты шешім іздеуге бағытталған кешенді «жол картасы» сипатында. Ұсыныс аясында Ормуз бұғазы теңіз қозғалысы үшін қайта ашылады, бірақ Иран мен Оман арасында бөлісетін әр кеме үшін 2 миллион доллар көлемінде ақы төленеді. Иран тікелей өтемақы алудың орнына, транзиттен түскен бұл қаражатты АҚШ пен Израиль шабуылдарынан зақымдалған инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсайды.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады