САЯСАТ
2 минут оқылды
Катар Иордания арқылы Сирияға табиғи газ жеткізу бастамасын жариялады
Бұл бастама Катар Даму Қоры арқылы кезең-кезеңімен ұлғайтылып, бастапқыда 400 мегаватт электр энергиясын өндіруді мақсат етеді.
Катар Иордания арқылы Сирияға табиғи газ жеткізу бастамасын жариялады
14 Наурыз 2025

 Катар Иордания арқылы Сирияға табиғи газ жеткізуді көздейтін бастаманы іске қосқанын хабарлады. Бұл қадам Сириядағы энергия тапшылығын азайтуға бағытталған қолдау ретінде қарастырылуда.

“SANA” Сирия мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша Катардың Дамасктағы істер жөніндегі сенімді өкілі Халифа Абдулла Әш-Шәриф бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бастаманың 400 мегаватт электр энергиясын өндіруден басталатынын және Катар Даму Қоры арқылы біртіндеп ұлғайтылатынын атап өтті.

 Күніне 2 миллион текше метр табиғи газ қолдауы

Сирияның электр энергетика министрі Өмер Шакрук Катардың табиғи газ көмегі елдің энергетика секторын нығайтатынын айтады.

"Бұл қолдау күн сайын 2 миллион текше метр табиғи газ жеткізу арқылы қосымша 400 мегаватт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша электрмен жабдықтау жақсарып, тәулігіне 2-4 сағатқа дейін қосымша қуат беріледі", – деген Шакрук бұл өзгерістің халықтың күнделікті өміріне оң әсер ететінін және елдің маңызды салаларын қолдайтынын атап өтті.

Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәжид әл-Ансари Катардың Сирияға энергетикалық қолдау көрсеткісі келетінін білдіріп, көмектің елдің барлық аймағын қамтитынын және Сирияның тұрақтылығына үлес қосатынын айтты.

 Қайта құру талпыныстары

Катардың "Al Jazeera" телеарнасына сұхбат берген Мәжид әл-Ансари Катар Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Сани Сирия халқына қолдау көрсету туралы нақты нұсқау бергенін айтты.

"Катардың мақсаты – Сирияның қайта құрылу үдерісіне үлес қосу және елдің қажеттіліктерін қамтамасыз ету", деген әл-Ансари 2011 жылдан 2024 жылға дейін Катардың Сирия халқымен бірге болғанын және енді қайта құру жұмыстарына қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар ол Катардың халықаралық серіктестермен үйлесімді түрде әрекет етіп, Сирияға көмек көрсету үшін жаһандық деңгейде ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

"Біз АҚШ-ты қоса алғанда жаһандық серіктестерімізбен қарым-қатынасымызды маңызды деп есептейміз. Сирия халқына қолдау көрсету үшін атқаратын рөлімізді үйлестіру мақсатында күн сайын келіссөз жүргіземіз", – деді әл-Ансари.

Сирия Башар Асад режимінің құлауымен одан әрі ушыға түскен ауыр энергетикалық дағдарысты бастан кешіруде. Елдің жаңа үкіметі бұл дағдарысты жеңілдету үшін әртүрлі шараны қолға алуда.

Іздеу
Черногория түрік туристер үшін визалық талапты алып тастайды
Қытай Сыртқы істер министрі Орталық Азияға сапар шегеді
Бангладеш соты Шайх Хасинаны кінәлі деп тапты
«Еуропа Ресейдің дрон шабуылдарына дайын емес»
Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
Оңтүстік Корея Жапониямен бірлескен оқу-жаттығуларды тоқтатты
Израиль армиясы Кунейтра маңындағы Сайда әл-Голан елді мекеніне басып кірді
Иран уран байыту жұмыстарының тоқтатылғанын мәлімдеді
Түркия Газа секторында жауапкершілік алуға дайын
Трамптың өкілі Хамастың бас келіссөз жүргізушісімен кездесу жоспарлайды
Трамп бюджет заңына қол қойды
Ресей Украинамен Стамбулдағы келіссөзді қайта бастауға дайын
Австралия мен Индонезия қауіпсіздік келісіміне қол қойды
Колумбия АҚШ-пен барлау ынтымақтастығын тоқтатты
Иракта маңызды парламенттік сайлау өтуде
Кнессет өлім жазасы туралы заң жобасын  ілгерілетіп жатыр
Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті
Түркия Сирия президенті мен Ішкі істер министрінің БҰҰ санкциялар тізімінен шығарылуын құптайды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады