ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның туризм табысы бірінші тоқсанда 9,9 миллиард доллардан асты
Түркияның туризм табысы жылдың алғашқы тоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайыз артып, 9 миллиард 896 миллион 456 мың долларды құрады.
Түркияның туризм табысы бірінші тоқсанда 9,9 миллиард доллардан асты
Түркияның туризм табысы бірінші тоқсанда 9,9 миллиард доллардан асты / AA

Түркия Статистика институты 2026 жылдың қаңтар-наурыз кезеңіне қатысты туризм статистикасын жариялады.

Мәліметтерге сәйкес, туризм табысы аталған кезеңде өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 4,2% өсіп, 9 миллиард 896 миллион 456 мың долларға жетті. Бұл табыстың ішінде келушілерден түскен тікелей табыс 9 миллиард 694 миллион 574 мың долларды, ал транзиттік жолаушылардан түскен табыс 201 миллион 883 мың долларды құрады.

Туризм табысының 25,6%-ы шетелде тұратын Түркия азаматтарынан түскен.

Келушілер өз сапарларын жеке немесе пакеттік тур арқылы ұйымдастырған. Осы тоқсандағы шығындардың 8 миллиард 469 миллион 691 мың доллары жеке шығындар болса, 1 миллиард 224 миллион 883 мың доллары пакеттік тур шығындарынан тұрды.

Аталған тоқсанда келушілердің бір түнге жұмсаған орташа шығыны 102 доллар болды. Шетелде тұратын азаматтардың бір түнге жұмсаған орташа шығыны 72 долларды құрады.

Келушілердің Түркияға келу мақсаттары бойынша көрсеткіштер:

  • 55,3% — «саяхат, ойын-сауық, спорттық және мәдени іс-шаралар»;

  • 26,8% — «туыстар мен достарға қонақ болу»;

  • 8,2% — «сауда-саттық».

Сонымен қатар осы кезеңде шетелге шыққан Түркия азаматтарының саны өткен жылмен салыстырғанда 13,1% артып, 2 миллион 936 мың 279 адамға жетті. Олардың жан басына шаққандағы орташа шығыны 758 долларды құрады.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты