Түрік және қазақ мұғалімдер Астанада бас қосты
TİKA: «Білім беру саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтты»
Түрік және қазақ мұғалімдер Астанада бас қосты
Түрік және қазақ мұғалімдер Астанада бас қосты

Қазақстанның елордасы Астанада ұйымдастырылған халықаралық білім беру бағдарламасында түрік және қазақ мұғалімдер бас қосты.

Түрік ынтымақтастық және координация агенттігінің (TİKA) қолдауымен, Түркия Республикасы Ұлттық білім беру министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы ынтымақтастығында өткізілген бір апталық білім беру бағдарламасы аяқталды.

Білім беру бағдарламасы шеңберінде Ұлттық білім беру министрлігінен іссапармен келген 6 маман Қазақстан бойынша қызмет ететін 120 мұғалімге түрлі тақырыптарда дәріс берді.

Педагогтар аталған дәрістерде оқытудың заманауи тәсілдерін теориялық біліммен және практикалық шаралармен бекітуге мүмкіндік алды.

Бағдарламаның соңғы күнінде «Интеграцияланған оқыту және үйрету модельдеріне кіріспе» тренингіне қатысқан мұғалімдер сабақ барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, өз пәндеріне арналған төл оқу сценарийлерін дайындады, сонымен бірге ұйымдастырылған жобалар көрмесінде осы жұмыстарын таныстырып, өзара тәжірибе мен пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Сертификат тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген TİKA Астана бағдарлама координаторы Фуат Ердоғмуш білім беру саласындағы ынтымақтастықтың екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтқанын атап өтті.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді