ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Бангладеште қызылша белгілері байқалған 1097 бала қайтыс болды
15 наурыздан бері елде қызылшаға ұқсас белгілері байқалған 1097 бала және қызылша диагнозы расталған 104 бала қайтыс болған.
Бангладеште қызылша белгілері байқалған 1097 бала қайтыс болды
(МҰРАҒАТ) Бангладеште қызылша күдігімен қайтыс болған бала саны 1201-ге жетті.

“Dhaka Tribune” газетінің хабарлауынша, Бангладеш Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Денсаулық сақтау қызметтері бас басқармасы елдегі қызылша індетіне қатысты соңғы мәліметті жариялады.

15 наурыздан бері елде қызылшаға ұқсас белгілері байқалған 1097 бала және қызылша диагнозы расталған 104 бала қайтыс болған.

Осы кезеңде қызылша жұқтырды деген күдікпен 190 663 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 183 042-сі сауығып, ауруханадан шығарылған.

Сондай-ақ қызылшаға ұқсас белгілері бар адамдардың саны 214 551-ге, ал қызылша жұқтырғаны расталған науқастар саны 23 157-ге жеткені атап өтілді.

Елде наурыз айында басталған шұғыл вакцинация науқаны аясында алдымен 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға басымдық берілді. Кейін вакцинация науқаны кезең-кезеңімен бүкіл ел аумағына кеңейтілді.

Пневмония мен энцефалопатия сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қызылша әлемде вакцина арқылы алдын алуға болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналады.

Іздеу
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты
Президент: «Өткен жылы 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық»
«Түркия мен Армения арасындағы қатынастардың қалыпқа келуі байланыстарды нығайтуға жол ашады»
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
ДДСҰ: «2024 жылы Африкада 350 мың әйел қатерлі ісіктен көз жұмды»
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»