ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
Президент Ердоған: “Түркі мемлекеттері аймақтық қауіпсіздіктегі рөлін күшейтуі тиіс”
Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының 12-ші саммитінде Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия, Оңтүстік Кавказ және мәдени бастамалар жөнінде ынтымақтастықты атап өтіп, аймақта қосқан үлесін күшейтуге ш
Президент Ердоған: “Түркі мемлекеттері аймақтық қауіпсіздіктегі рөлін күшейтуі тиіс”
Түркі мемлекеттері ұйымының Мемлекет басшылары кеңесінің 12-ші отырысы қарсаңында қатысушылардың бірлескен естелік суреті.
8 Қазан 2025

Президент Ердоған түркі мемлекеттерін өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді қадам басуға үндеді.

Ол сейсенбі күні өткен жиында: «Түркі әлемі өңіріміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінде көптеген бағытта әлдеқайда ықпалды рөл атқара алады деп сенеміз», – деді.

Халықаралық жүйені сынға алған Ердоған: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі адамзаттың ар-ожданына ауыр тиген көптеген мәселеге бейжай қараған халықаралық жүйемен бетпе-бет келіп отырмыз», – деді.

Сириядағы жағдайға тоқталған ол: «Көптеген қиындыққа қарамастан Сирия үкіметінің соңғы тоғыз айдағы ілгерілеуі бізге болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Түркі мемлекеттері ретінде Сирия үкіметімен өзара іс-қимылды тереңдетуіміз қажет», – деді.

Оңтүстік Кавказға қатысты Ердоған: «Біз бұл аймақтағы оқиғаларды тек бақылап қана қоймай, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған қадамдарды шынайы қолдап келеміз», – деді.

Сондай-ақ ол Израильдің Катарға жасаған соңғы шабуылдарын айыптап, өңірдегі тұрақтылыққа ең үлкен қатердің осы елдің қазіргі билігінен туындап отырғанын атап өтті.

Мәдени бастамаларға тоқталған Ердоған: «Ортақ әліпби мәселесінде Түркия алғашқы қадамды басып отыр. Біз Шыңғыс Айтматов туралы кітап пен оғыздардың эпостық мұрасы “Оғызнамаларды” ортақ әліпбимен басып шығарамыз», – деді.

Түркия сыртқы істер министрі: “Тұрақты бейбітшілік түркі мемлекеттерінің бірлігі арқылы мүмкін”

Сейсенбі күні Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан тұрақты бейбітшілік пен ұзақ мерзімді тұрақтылық тек ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үздіксіз үйлесімі мен серіктестігін нығайту арқылы қамтамасыз етілетінін айтты.

Әзербайжанның Габала қаласында өткен ТМҰ сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысында Фидан: «Түркі әлемі аймақтық тепе-теңдікті қалыптастыратын негізгі күш болуы тиіс. ТМҰ-ның ең үлкен күші – мүше елдер арасындағы өзара сенім мен тереңдеп келе жатқан ынтымақтастық», – деді.

Фидан түркі әлемінің өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге қарсы жиі бас қосып, қайда орналасуы тиіс екенін, қандай ортақ қадамдар жасау керектігін уақытылы талқылап отыруы қажеттігін атап өтті.

Саммиттің басты тақырыбы «Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке» сілтеме жасаған ол мұны ортақ географияның болашағы үшін ең басты басымдық деп атады.

Фидан: «Бұл мақсатқа жетудің жолы – геосаяси мәселелерде үйлесімді әрекет ету, халықаралық платформаларда өзара келісімді және ынтымақтастықты күшейту, әрі шешуші тақырыптарда әлемге бір дауыспен үн қату», – деді.

Сондай-ақ ол 2022 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ТМҰ-да бақылаушы мәртебе алуына тоқталып, бұл қадам түркі әлемінің бірлігін нығайтқанын айтты. Кипр түріктеріне жасалған әділетсіз оқшаулауды жою және олардың құқықтарын мойындату ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Фидан сонымен бірге ортақ аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды саналатын Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жолында елеулі қадам басылғанын атап өтті.

Іздеу
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты
Түркия әскери жүк ұшағы Грузия-Әзербайжан шекарасына жақын жерде апатқа ұшырады
Ердоған мен Кобахидзе түрік әскери ұшағының апатынан кейін телефонда сөйлесті
Грузияда әскери жүк ұшағының апатынан 20 түрік сарбазы қаза тапты
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
"Түркияны нығайту Ататүріктің мұрасын құрметтеу дегенді білдіреді"
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Стамбулда «Газа болашағы» халықаралық саммиті өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ-қа аттанады
Түркияның жоғары деңгейдегі делегациясы Пәкістанға барады
Түркияда кибер тыңшылыққа қарсы рейдтерде екі күдікті қамауға алынды
Түркияның Сириядағы рөлі жоғары бағаланды
Түркия Газа секторындағы гуманитарлық көмекті "жеткіліксіз" деп атады
Түркия мен ХАМАС өкілдері кездесті
Түркияның атақты Газиантеп лахмаджуны ЕО-ның географиялық белгісін алды
Хакан Фидан Финляндияда
Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды