Көзқарас
ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Әскери авиацияда Түркияның ықпалы артуы мүмкін
Германия мен Франция бірлесіп жүзеге асыруды көздеген алтыншы буын жойғыш ұшақ бағдарламасы тоқтатылды. Еуропадағы басқа да ортақ әскери авиация жобалары жоспарланған кестеден қалып келеді.
Әскери авиацияда Түркияның ықпалы артуы мүмкін
KAAN

Германия мен Францияның «бірге әзірлейміз» деп жариялаған “FCAS” (Future Combat Air System) алтыншы буын жойғыш ұшақ жобасы ресми түрде тоқтатылды. Бұл шешімге бірнеше фактор әсер еткенімен, еуропалық БАҚ мәліметінше, негізгі түйткілдердің бірі бағдарламалық қамтамасыз ету, бастапқы кодтар мен зияткерлік меншік құқықтары сияқты стратегиялық салаларға қатысты болған.

Мәліметтерге қарағанда Франция негізгі технологиялық тәжірибе өзінде екенін алға тартып, аталған салалар бойынша шешім қабылдау құқығы тек Парижге тиесілі болуы тиіс деген талап қойған. Ал Германия миллиардтаған еуро инвестиция салатын жобада тек құрамдас бөлшек өндіруші рөлінде қалуға келіспеген.

Келіспеушіліктің тағы бір себебі елдердің әскери мақсаттарына байланысты болды. Франция Еуропадағы басты ядролық державалардың бірі болғандықтан, жаңа ұшақтың ядролық қару тасымалдауға және авианосецтерден ұшып-қонуға қабілетті болуы Париж үшін маңызды шарттардың бірі еді.

Ал Берлин бұл талаптардың өздері үшін өзекті емес екенін мәлімдеді. Германияның ядролық қару немесе авианосецтерге қатысты мұндай жоспарлары жоқ екені бірнеше рет айтылды.

Назар “KAAN”-ға ауды

Бұл жағдайлар Түркияға және оның жаңа буындағы “KAAN” жойғыш ұшағына деген қызығушылықты қайта күшейтті.

“KAAN” әзірге бесінші буын жойғыш ұшағы саналғанымен, Түркияның алтыншы буын ұшақ жасау бағытында да жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі. “TUSAŞ” компаниясының бас директоры Мехмет Демироғлу:

«KAAN жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Еуропа елдері де алтыншы буын жойғыш ұшақ жасауды мақсат етіп отыр. Біз де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және олардан бұрын аяқтаймыз», – деген болатын.

Бұл үдерісті қадағалап жүрген сарапшылардың бірі Барын Кайаоғлу Түркияның бұған дейін Испаниямен “HÜRJET” жобасы бойынша келісім жасағанын еске салды.

Оның пікірінше, өндірілетін “HÜRJET” ұшақтарының көрсеткіштері мен “TUSAŞ” әзірлеп жатқан жаңа “KAAN” прототиптерінің мүмкіндіктері еуропалық елдердің болашақтағы сұранысына тікелей әсер етеді.

Испания ескірген әскери ұшақтарын жаңартуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Мадрид АҚШ-тан F-35 ұшақтарын сатып алу жоспарынан бас тартып, “FCAS” пен “Eurofighter” жобаларына басымдық беретінін мәлімдеген еді. Испания нақты мерзімі жарияланбағанымен, 20 жаңа “Eurofighter” сатып алуды көздеп отыр. Алайда өндірістік желілердің шамадан тыс жүктелуі бұл жерде де мәселе болуда.

Еуропадағы өзге жобалардың жағдайы да күрделі

Еуропадағы тағы бір жойғыш ұшақ бағдарламасы бастапқыда “TEMPEST” атауымен таныстырылып, кейін “GCAP” деп атала бастады.

Бұл жобада Ұлыбритания, Италия және Жапония алтыншы буын жойғыш ұшақ жасалмақ. Жасанды интеллект негізіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының топтарын басқара алатын бұлттық байланыс жүйесін құруды қамтитын жобаның да жоспарланған мерзімнен едәуір кешігу қаупі бар.

Қазіргі жағдайда АҚШ-ты есептемегенде НАТО құрамындағы жаңа буындағы жойғыш ұшақты өз күшімен ұшыра алған жалғыз мемлекет Түркия болып отыр.

Қатысты“KAAN”-ның жаңа прототиптерінде қандай өзгеріс бар? - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті