Президент Ердоған Ерхүрманды жеңісімен құттықтады
Ерхүрман Солтүстік Кипр Түрік Республикасының сыртқы саясат шешімдері Түркиямен ақылдаспай қабылданбайтынын мәлімдеді.
Президент Ердоған Ерхүрманды жеңісімен құттықтады
Президент Ердоған Ерхүрманды құттықтады / AA

Ерхүрман Солтүстік Кипр Түрік Республикасының сыртқы саясат шешімдері Түркиямен ақылдаспай қабылданбайтынын мәлімдеді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Республикалық Түрік партиясының төрағасы Туфан Ерхүрманды құттықтады.

Түрік әлеуметтік желісі «Nsosyal»-да мәлімдеме жасаған Ердоған сайлау нәтижелерінің екі ел мен аймақ үшін қайырлы болуын тіледі. Ол өз сөзінде: «Бұл сайлау Солтүстік Кипр Түрік Республикасының демократиялық кемелдігін және түрік бауырларымыздың  таңдауын айқын көрсетті. Түркия Кипр түріктерінің егемендік құқықтары мен мүдделерін бауырлас халқымызбен бірге барлық алаңда қорғай беретін болады», – деді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің бейресми нәтижелеріне сәйкес, Ерхүрман 62,76% дауыс жинап, тәуелсіз кандидат әрі қазіргі президент Эрсин Татарды (35,81%) басып озды.

Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз сайлау нәтижелерін жоғары бағалап, оның Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халқының саяси кемелдігін тағы бір рет дәлелдегенін айтты: «Бұл сайлау Солтүстік Кипр Түрік Республикасының әрі мемлекет, әрі сайлаушы қауым ретінде жетілгенін көрсетті. Кепіл ел ретінде біз Кипр түріктерінің жанында болуды жалғастырамыз», – деді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі де жеке мәлімдеме жасап, Ерхүрманды жеңісімен құттықтады және Түркияның «кепіл ел» ретінде Кипр түрік халқының гүлденуі мен әл-ауқаты үшін күш-жігерін жалғастыратынын атап өтті.

Сайлау нәтижелерінен кейін сөз сөйлеген Ерхүрман: «Кипр түріктеріне қатысты сыртқы саясат шешімі Түркиямен ақылдаспай қабылданбайды. Менің қызмет мерзімімде Кипр мәселесіне қатысты ұстаным Түркиямен кеңесусіз анықталмайды», – деді.

Ол сондай-ақ президент Ердоғанға, вице-президент Йылмазға және Сыртқы істер министрі Хакан Фиданға құттықтаулары үшін алғыс білдіріп, Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаятынын және мұның өз «миссиясы» екенін айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш та Ерхүрманды құттықтап, сайлау нәтижелерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түркия және жалпы түркі әлемі үшін нәтижелі болуын тіледі.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Бурханеттин Дуран сайлаудың бейбіт жағдайда өтуін «Кипр түрік демократиясының кемелдігінің айқын дәлелі» деп атады.

 

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады