ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
Түркия Қаржы министрі Мехмет Шимшектің айтуынша, әлем бұрын-соңды болмаған деңгейде белгісіздікке, қақтығыстар мен шиеленістерге тап болып отыр.
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
Даму жолы – Ирак пен Түркияны байланыстыратын ірі сауда жолы. / AA

Түркия Қаржы министрі Мехмет Шимшек халықаралық протекционизм мен экономикалық бөлшектенудің күшеюіне қарсы тұру мақсатында Түркияның Даму жолы мен Орта дәліз секілді жаһандық сауда бағыттарына салып жатқан инвестицияларын атап өтті.

Министр сәрсенбі күні “Kanal 7” арнасы ұйымдастырған “Yükselen Türkiye Zirveleri” саммитінде Түркияның өңірлік экономикалық ықпалдастыққа инвестиция салу арқылы жаһандық бөлшектенуге қарсы ел мүддесіне сай дәліздерді нығайтып жатқанын айтты.

Әлемнің бұрын-соңды болмаған деңгейде белгісіздік жағдайында тұрғанын, қақтығыс пен шиеленістің күшейгенін еске салған министр АҚШ/Израиль–Иран соғысының бірқатар уақытша макроэкономикалық мәселе туғызғанын жеткізді. Оның айтуынша,экономикалық өсім қарқынының баяулауы мүмкін.

Шимшек Басрадан Түркияға дейін созылатын шамамен 1200–1250 шақырымдық теміржол желісін, автожолды және энергетикалық дәлізді қамтитын Даму жолы маңызды байланыс бастамаларының бірі екенін айтты.

Азияны Еуропамен байланыстыру

Министр бұл жобаға БАӘ, Катар және Ирак серіктес болып отырғанын айтып, Орта дәліздің Азияны Еуропамен жалғайтын негізгі бағыттардың бірі екенін білдірді.

Шимшек: «Стамбулдағы үшінші көпір сол көпір арқылы өтетін теміржол байланысы үшін арнайы кең етіп салынды. Бұл — Орта дәліздің ең маңызды құрамдас бөлігі, 8,1 миллиард долларлық жоба», - деді.

Сонымен қатар министр жобаны 83 пайызын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратынын хабарлап, Түркияның Орта дәлізді күшейту мақсатында Дүниежүзілік банкпен келісімге қол қойғанын да еске салды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті өңірдегі бейбітшілік туралы мәлімдеме жасады
Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді