ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды
Алпарслан Байрактар 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін жабылған құбыр арқылы ағынның қайта басталғанын растады.
Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды
Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды / Reuters

Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар “Ирак-Түркия мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:07-де (0407GMT) қайта басталды”, деп хабаралады.

Министрдің айтуынша, құбыр 2023 жылдың 6 ақпанындағы жер сілкіністерінен кейін тоқтатылған болатын, ал Түркияның мемлекеттік құбыр операторы “BOTAŞ” оны қазан айында қайта іске қосуға дайындады. Бұл туралы министр Байрактар “NSosyal” әлеуметтік желісінде хабарлады.

Ирактың ресми жаңалықтар агенттігі “INA” сенбі күні Ирактың солтүстігіндегі күрд аймақтық үкіметінің мұнай кен орындарынан мұнай экспорты қайта басталғанын хабарлады.

Эрбильдегі “Rudaw TV” мәліметінше, мұнай экспорты Фишхабур мұнай кен орнында әкімшілік басшылары, Ирак орталық үкіметі және мұнай компаниялары өкілдерінің қатысуымен қайта басталды.

Бейсенбі күні Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиаа әл-Судани Ирактың солтүстігіндегі кен орындарында өндірілген мұнайдың Ирак-Түркия құбыры арқылы экспортталатынын мәлімдеген болатын.

Судани “Бүгін біз тарихи келісімге қол жеткіздік, оған сәйкес Ирактың Мұнай министрлігі солтүстіктегі кен орындарында өндірілген шикі мұнай Ирак-Түркия құбыры арқылы экспортталады,” - деген еді.

Іздеу
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы