ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Жасанды интеллектті қолдану этикасы алаңдаушылық тудыруда
БҰҰ Бас хатшысы технологияның қарқынды дамуы жағдайында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін технология алпауыттарын 3 миллиард долларлық жаһандық қорды қолдауға шақырды.
Жасанды интеллектті қолдану этикасы алаңдаушылық тудыруда
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди БҰҰ басшысы Антониу Гутерришпен Жаңа Делидегі "AI Impact" саммитінде. 2026 ж 18 ақпан. / Reuters

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жасанды интеллекттің қауіп-қатерлеріне назар аудара отырып, оның болашағын «бірнеше миллиардердің қалауына» қалдыруға болмайтынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Үндістанда өткен жаһандық жасанды интеллект саммитінде Гутерриш технология көшбасшыларын тез дамып келе жатқан бұл технологияға баршаға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін 3 миллиард долларлық жаһандық қорды қолдауға шақырды.

Гутерриш шұғыл шаралар қабылданбаса, әлемде теңсіздік тереңдей түсуі мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, «Дұрыс қолданылған жағдайда жасанды интеллект медицинадағы серпінді жаңалықтарды жеделдетіп, білім алу мүмкіндіктерін кеңейте алады, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, климаттық іс-қимыл мен апаттарға дайындықты қолдайды әрі маңызды мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жақсартады. Алайда ЖИ сонымен қатар теңсіздікті күшейтіп, кемсітушілікті көбейтуі немесе зиянды арттыруы да мүмкін».

БҰҰ елдерге осы революциялық технология жөнінде шешім қабылдауға көмектесу мақсатында жасанды интеллект бойынша ғылыми-консультативтік орган құрды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жасанды интеллект чат-боттары жарнама алаңына айналуда

«Қауіпсіз кеңістік»

Өз кезегінде Франция президенті Эммануэль Макрон қарқынды дамып келе жатқан технологияны қауіпсіз бақылауды қамтамасыз етуге бел буғанын мәлімдеді.

Еуропалық Одақ 2024 жылы қабылданып, кезең-кезеңімен күшіне енетін Жасанды интеллект туралы заң енгізді. Бұл- жасанды интеллект қолданысы туралы әлемдегі алғашқы заң.

ҚатыстыTRT Қазақ - Батыл жаңа әлем: жасанды интеллект арқылы басқару

Макрон: «Үндістан сияқты одақтастарымызбен бірге ойын ережелерін қалыптастыруды жалғастыруға ниеттіміз. Еуропа тек реттеуге ғана ұмтылып отырған жоқ. Еуропа —инновация мен инвестицияға ашық алаң, сонымен қатар қауіпсіз кеңістік», -  деп атап өтті.

Жаңа Делиде өткен “AI Impact” саммитінде сөйлеген Макрон Францияда «дайындалатын жасанды интеллект ғалымдары мен инженерлерінің саны екі есе артатынын», ал саладағы жаңа стартаптар «он мыңдаған» жұмыс орнын ашатынын айтты.

“AI Impact” саммиті — жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамуға арналған жыл сайынғы халықаралық жиын.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады