Алматыда Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай конференция өтті
Конференцияда ортақ түркі әліпбиімен жарық көрген Абайдың «Қара сөздерімен» бірге Түркі академиясының өзге де басылымдары таныстырылды.
Алматыда Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай конференция өтті
Алматыда Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай конференция өтті / TRT

Алматыда ұлы ақын әрі ойшыл Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы ақын Абайдың мұрасы және Түркі әлеміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Маңызды іс-шараны Түркі академиясы мен Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.

Конференцияда Түркі академиясының Абайдың мерейтойына арнаған жаңа басылымдары таныстырылды.  Бағдарламада 1954 жылы Бакуде кирилл әліпбиімен жарық көргеннен кейін қайта басылмаған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының латын әліпбиімен жазылған әзербайжан тіліндегі жаңа басылымы, ортақ түркі әліпбиімен жарық көрген Абайдың «Қара сөздері», сондай-ақ белгілі зерттеуші Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың мұрагерлері» атты еңбегінің түрік тіліндегі аудармасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Түркі академиясының президенті, профессор Шахин Мұстафаев конференцияда Абайдың тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі өркениетінің ортақ құндылығы екенін атап өтіп, сөзін былай жалғастырды: «Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын әзербайжан тілінде басып шығардық. 1954 жылы бұл кітап кирилл әліпбиімен және өте аз тиражбен әзербайжан тілінде алғаш рет жарық көрген болатын. Түркі академиясы бұл жолы романды қазіргі әзербайжан әліпбиімен яғни латын әліпбиімен басып шығарды. Абайдың шығармалары көп, олардың ішінде ең танымалы – «Қара сөздері». Түркі академиясы «Қара сөздерді» алғаш рет ортақ түркі әліпбиімен қазақ тілінде жариялады. Бұл ортақ түркі әліпбиінің Қазақстанда кеңірек танылуына ықпал етпек».

Конференцияға дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әдебиет пен тіл білімі саласындағы жетекші ғалымдар қатысты.

 

Іздеу
Қазақстан президенті Тоқаев әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 14-ке жетті
Түркия Қазақстанға көңіл айтты
Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуде
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Түркі әлемі композиторлар одағы құрылды
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 108 жылдығы
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы -  Қазақстан
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
Түркияның Түркі мемлекеттерімен сауда көлемі 10,1 миллиард долларға жетті
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті