ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израильдің шабуылынан 16 адам қаза тауып, 26 адам жараланды
Израиль Ливанға жасаған соңғы шабуылдарында ел аумағындағы елді мекендер мен кенттерді нысанаға алды.
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
Израильдің шабуылынан 16 адам қаза тауып, 26 адам жараланды / Reuters

Сәрсенбі күні таңертеңнен бері Ливанның түкпір-түкпіріндегі түрлі аймақтарды нысанаға алған Израильдің әуе шабуылдары салдарынан 16 адам қаза тауып, 26 адам жараланды.

Ливанның ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, Израиль ұшақтары астана Бейруттың Аиша Баккар ауданындағы көпқабатты үйді де атқылаған, алайда бұл шабуылдан қаза тапқандар саны әлі нақтыланбаған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді

Агенттік мәліметінше, Ливанның оңтүстігіндегі Тир аймағында орналасқан Ханувия қаласына жасалған шабуылдан үш адам, соның ішінде бір медицина қызметкері көз жұмған. Ливанның шығысындағы Батыс Бекаа аймағындағы Зеллаяға жасалған соққыдан бір адам қаза тауып, екі адам жараланды, ал Тир аймағындағы Әл-Хуш қалашығын бомбалау кезінде бір адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды.

“NNA” хабарлағандай, дәл осы аймақтағы Кана қаласында Израильдің бірінен соң бірі жасаған әуе соққыларынан бес адам қаза тауып, бес адам жараланған. «Хезболлаға» қарасты «Әл-Манар» телеарнасының мәліметінше, Израильдің Тирустағы Чехабияға жасаған шабуылынан алты адам қаза тауып, жеті адам жараланған.

Сонымен қатар Ливан Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі Бинт-Джубайл аймағындағы Тебнин қаласына жасаған шабуылынан төрт адамның жараланғанын хабарлады.

Израильдің әуе шабуылдары 2 наурыздан бері бүкіл Ливан бойынша шамамен 570 адамның қаза тауып, мыңдаған адамның босқынға айналуына себеп болды.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр