САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Еуропалық Одақ «Израиль заңсыз қоныстанушылардың палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылығына қарсы шара қолданбаса, басып алынған Батыс Шериядағы қақтығыс одан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертті.
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды / Reuters

Еуропалық Одақ сейсенбі күні басып алынған Батыс Шериядағы зорлық-зомбылық деңгейінің артқанын мәлімдеп, Израиль билігін палестиналықтарға қарсы шабуылдардың алдын алу үшін дереу әрекет етуге шақырды.

ЕО өкілінің айтуынша, 28 ақпаннан бері израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылынан алты палестиналық қаза тапқан.

Мәлімдемеге сәйкес, мүліктерге зиян келтіріліп, адамдардың күнкөріс көздері жойылған, тұрғындар үйлерінен қуылып, көптеген адам баспанасыз қалған.

ЕО шабуылдың алдын алу үшін Израиль билігін шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Өкіл: «Мұндай әрекеттердің жазасыз қалуы зорлық-зомбылықтың одан әрі артуына түрткі болуы мүмкін», - деді.

Сонымен қатар Одақ Израильді басып алынған аумақтардағы палестиналықтарды қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындауға шақырды.

Израильдің Палестинадағы зорлық-зомбылығы

2023 жылдың 8 қазанынан бері басып алынған Батыс Шерияда зорлық-зомбылық күшейе түсті. Израиль күштері мен заңсыз израильдік қоныстанушылар кісі өлтіру, тұтқындау, мүлікті жою, үйлерді бұзу, тұрғындарды күштеп көшіру және қоныстарды кеңейту сияқты әрекеттерді тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды

Бұл шабуыл салдарынан кемінде 1121 палестиналық қаза тауып, 11 700 адам жараланған. Сонымен қатар шамамен 22 мың палестиналықтың ұсталғаны хабарланды.

Палестиналықтар мұндай заңбұзушылықтар Израильдің Батыс Шерияны ресми түрде аннексиялауына жол ашуы мүмкін екенін және БҰҰ қарарларындағы Палестина мемлекетінің құрылу мүмкіндігін іс жүзінде жоюы ықтимал екенін айтты.

Халықаралық қоғамдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Шығыс Иерусалимді қоса алғанда Батыс Шерияны Палестинаның басып алынған аумағы деп және ол жердегі израильдік қоныстарды халықаралық құқыққа қайшы деп санайды.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды