ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Жаңа чип адам миының қатпарлы бетін 10 миллисекундтан аз уақыт ішінде жоғары дәлдікпен модельдей алады.
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі (МҰРАҒАТ)

Дәстүрлі компьютерлерде жады мен процессор арасында деректердің үздіксіз тасымалдануы есептеу үдерісін баяулатып, энергияны көп тұтынуға әкеледі.

Жаңа әзірленген чип маңызды есептеулерді деректер сақталатын орында тікелей орындайды. Соның нәтижесінде жады мен процессор арасындағы деректерді тасымалдау қажеттілігі жойылып, миды модельдеу үдерісі әлдеқайда жылдам әрі энергияны аз жұмсай отырып жүзеге асырылады.

Медициналық технологиялардағы жаңа кезең

Сынақтар барысында чип мидың ақ және сұр заттарының шекарасын жоғары дәлдікпен модельдеп, мидың күрделі қатпарлы құрылымын сақтай отырып, топографиялық тұрғыдан үйлесімді әрі тегіс үш өлшемді беткі торлар жасады.

Жасанды интеллектке негізделген күрделі модельдеу уақытын миллисекунд деңгейіне дейін қысқартатын бұл технологияны ми–компьютер интерфейстерінде, мидың цифрлық егіздерін жасауда, операция кезінде нақты уақыт режимінде қолданылатын навигациялық жүйелерде, сондай-ақ Альцгеймер және Паркинсон сияқты нейродегенеративті ауруларды зерттеуде пайдалану жоспарланып отыр.

Қытай ғылым академиясының Шанхай микрожүйелер және ақпараттық технологиялар институтының қатысуымен әзірленген чипке қатысты зерттеу “Science” ғылыми журналында жарияланды.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады