ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
«Otokar» шамамен 1,5 миллиард долларлық экспорт келісімшартына қол қойды
Келісімшарт аясындағы жеткізілімдер 2027 жылы басталып, үш жыл ішінде кезең-кезеңімен аяқталады.
«Otokar» шамамен 1,5 миллиард долларлық экспорт келісімшартына қол қойды
"Otokar" — 1963 жылы негізі қаланған Түркияның ірі автомобиль және қорғаныс өнеркәсібі өндірушісі / َAA

Түркияның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі, автобус, жүк көліктері мен брондалған әскери техника өндіретін «Оtokar автомобиль жасау және қорғаныс өнеркәсібі» акционерлік  компаниясы әскери көліктерді жеткізуге қатысты жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.

Компанияның мәлімдемесінде әртүрлі үлгідегі брондалған көліктерді жеткізу және оларға кешенді логистикалық қолдау көрсету бойынша жалпы құны 1 миллиард 472 миллион 80 мың 360 долларлық экспорттық келісімшартқа қол қойылғаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, келісімшарт тиісті мемлекеттік органдардың рұқсаты алынып, банктік кепілдік рәсімдері аяқталып, алдын ала төлем жасалғаннан кейін күшіне енеді. Компания келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға және алдын ала төлемге кепілдік ретінде тапсырыс берушіге жалпы сомасы 441 миллион 624 мың 108 доллар болатын банктік кепілдік хаттарын ұсынады.

Брондалған көліктерді жеткізу 2027 жылы басталып, үш жыл ішінде кезең-кезеңімен аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал келісімшарт жеті жыл бойы күшінде болады.

Іздеу
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
Қазақстан мен Германия 30-дан астам коммерциялық келісімге қол қойды
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Президент Ердоған Индонезия президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Хендрик Вюстті қабылдады
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Араб Әмірліктері президентімен кездесті
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді