ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Жаңа ғаламшар табылды
Астрономдар бұған дейін байқалған ешбір ғаламшарға ұқсамайтын, өлі жұлдыздан қалған заттардан түзілген жаңа ғаламшарды анықтаған болуы мүмкін.
Жаңа ғаламшар табылды
Жаңа ғаламшар табылды. (TRT HABER) (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ)

Астрономдар бұған дейін байқалған ешбір ғаламшарға ұқсамайтын, өлі жұлдыздан қалған заттардан түзілген жаңа ғаламшарды анықтаған болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, өзі айналып жүрген өлі жұлдыздан қалған заттардан түзілген мұндай «екінші буын» ғаламшар алғаш рет байқалып отыр.

Зерттеуге жетекшілік еткен Уорик университетінің докторанты Джейми Уильямс: «Екінші буын ғаламшарлар — жұлдыз сөнетін кезде сыртқа шығарған заттардан түзілетін әлемдер. Олар өте сирек кездеседі. Ал ақ ергежейлінің маңынан мұндай ғаламшардың табылуы мүлде күтпеген жағдай болды. Бұл бір кездері өзі айналып жүрген жұлдыздың күлінен қайта туған ғаламшарды тапқанмен бірдей», - деді.

Ақ ергежейлінің маңынан алғаш рет байқалды

Астрономдар бұған дейін пульсар деп аталатын аса тығыз жұлдыздардың маңынан осындай «қайта туған» әлемдердің ықтимал үлгілерін анықтаған. Алайда мұндай ғаламшар ақ ергежейлінің маңынан алғаш рет байқалып отыр. Ғаламда өлі жұлдыздардың әлдеқайда жиі кездесетінін ескерсек, бұл жаңалық ғарышта болжанғаннан да көп «қайта туған» ғаламшар болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Ақ ергежейлілер — жұлдыздың отыны таусылғаннан кейін қалатын тығыз ядролар. Олар маңындағы заттарды өзіне тартып, химиялық із қалдырады. Астрономдар осы іздер арқылы олардың айналасындағы ғаламшарлар туралы мәлімет ала алады.

NASA телескопының деректері болжамды қуаттады

Астрономдардың пікірінше, бұл сигнал ақ ергежейлінің маңында жаңадан пайда болған алып ғаламшардан заттарды өзіне тартуынан туындаған. Мамандар алып ғаламшардың өзі де жұлдыз өліп, ақ ергежейліге айналған кезде қалған заттардан түзілген деп есептейді.

Зерттеушілер АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) TESS телескопынан алынған деректерді талдағаннан кейін бұл болжам одан әрі нығая түсті. Деректер ғаламшардан әр 4,4 күн сайын қайталанатын әлсіз сигнал келетінін көрсетті.

Тіршілікке қолайлы ғаламшарларды іздеуге жаңа мүмкіндік

Егер бұл жаңалық расталса, аталған аспан денесі өз түрінің алғаш байқалған үлгісі болмақ. Сонымен қатар басқа өлі жұлдыздардың жарығынан осыған ұқсас химиялық іздерді іздеу арқылы мұндай ғаламшарларды анықтаудың жаңа тәсілі пайда болуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері “Nature Astronomy” журналында жарияланған ғылыми мақалада баяндалды. Зерттеушілер сондай-ақ қоңыр ергежейлі мен қызыл ергежейлі бір-бірін айналып жүретін қос жүйені анықтады. Бақылау және модельдеу нәтижелері заттардың қоңыр ергежейліден қызыл ергежейліге қарай ауысатынын көрсетті. Мамандардың айтуынша, мұндай үдеріс те бұрын-соңды байқалмаған.

Іздеу
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты