ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Түркия мен Қытай инженерлері шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шалғай аймақтардағы өнеркәсіп салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін спутниктік жүйелер әзірлемек.
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
«TÜRKSAT» компаниясының спутниктік қызметтер жөніндегі бас директорының орынбасары мен «China Satcom» компаниясының бас директоры / َAA

Түркия мен Қытай «TÜRKSAT» және «China Satcom» компаниялары арасында қол қойылған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, өнім әзірлеу және оны коммерцияландыру жөніндегі келісім аясында ғарыш технологиялары саласында ынтымақтастық орнатпақ.

77-Халықаралық ғарыш конгресі («IAC 2026») Анталиядағы «NEST» конгресс орталығында жалғасып жатыр. Халықаралық астронавтика федерациясы («IAF») ұйымдастырған іс-шара Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігінің үйлестіруімен, Түркия ғарыш агенттігі («TUA») мен «SAHA İstanbul» ұйымының қолдауымен өтуде.

Конгресс барысында түрік компаниялары өз өнімдерін таныстырып, шетелдік серіктестермен маңызды келісімдерге қол қоюда.

Анадолы агенттігі тілшісінің мәліметінше, осы шара аясында «TÜRKSAT» пен Қытайдың «China Satcom» спутниктік байланыс операторы арасында технологияларды бірлесіп әзірлеуге бағытталған кең ауқымды ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

«TÜRKSAT» көрме алаңында өткен рәсімде құжатқа компанияның спутниктік қызметтер жөніндегі бас директорының орынбасары Сельман Демирел мен «China Satcom» компаниясының бас директоры Ма Хайцюань қол қойды.

Келісім ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, жаңа өнімдер әзірлеуді және оларды нарыққа шығаруды көздейді. Осы мақсатта екі ел инженерлерінің білімі мен тәжірибесін біріктіру жоспарланып отыр.

Жаңа технологиялар мен заманауи өнімдер әзірленбек

Осылайша өткен жылы екі компания арасында спутниктік байланыс мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалану негізінде басталған ынтымақтастық Парижде өткен Дүниежүзілік ғарыш апталығында қабылданған шешімдер арқылы кеңейтілді.

Ынтымақтастықтың ендігі кезеңі тікелей аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге бағытталып, Түркия мен Қытай арасында ғарыш технологиялары саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және өндіріс жұмыстарының жаңа кезеңі басталды.

Қытаймен жасалған келісім аясында «TÜRKSAT» пен «China Satcom» компаниялары ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған байланыс жүйелерін және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ақылды жүйелерді бірлесіп әзірлеуді жоспарлап отыр.

Бұл келісім «TÜRKSAT» компаниясына спутниктік байланыс жүйелері мен кешенді коммуникациялық шешімдер әзірлеу саласындағы тәжірибесін жаңа технологиялар мен қолдану бағыттарына енгізіп, ұсынатын қызметтері мен өнімдерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық аясында түрік және қытай инженерлері нарықтағы қажеттіліктерді талдаудан бастап, алғашқы үлгілерді әзірлеу, сынақтан өткізу, олардың жұмысын тексеру және нарыққа шығару кезеңдеріне дейін бірлесіп жұмыс істейді. Нәтижесінде жаңа технологиялық өнімдер мен инновациялық шешімдер жасалмақ.

Келісімнің тағы бір маңызды бағыты – ақылды шекара қауіпсіздік жүйелері мен заттар интернеті (IoT) технологияларын дамыту. Осы мақсатта жерүсті байланыс желілері жоқ аймақтарға арналған арнайы құрылғылар шығару көзделіп отыр.

Сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында қолданылатын құрылғыларды ұялы байланыс желісі жоқ шалғай өңірлерде де спутник арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін жабдықтар әзірленеді.

Әлемнің көптеген өңірінде жерүсті байланыс инфрақұрылымының жеткіліксіздігі шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өнеркәсіптік деректерді жеткізуде елеулі қиындықтар туғызып отыр. Осы мәселені шешу үшін «TÜRKSAT» пен «China Satcom» серіктестігі аясында ұялы байланыс станциялары мен талшықты-оптикалық желілер жетпейтін ең шалғай аймақтардың өзінде деректерді нақты уақыт режимінде жеткізе алатын ақылды спутниктік бақылау және заттар интернеті жүйелері әзірленбек.

«TÜRKSAT» спутниктік байланысқа негізделген осындай кешенді аппараттық және бағдарламалық шешімдер арқылы әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың біріне айналуды көздеп отыр.

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу және өнім әзірлеу жұмыстарының тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін екі компанияның өкілдері тең дәрежеде қатысатын Бірлескен үйлестіру комитеті құрылады. Атқарылған жұмыстар әр үш ай сайын бағаланып отырады.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті