САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейде қаза тапқан корей сарбаздарын ұлттық адалдықтың символы деп атады.
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады / Reuters

Солтүстік Кореяның мемлекеттік “KCNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Ким Чен Ын Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен халықаралық саяси жағдайды талқылағаннан кейін өз елінің Ресей саясатын қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Андрей Белоусов бастаған делегация Солтүстік Кореяда өткен Ресейдің Курск облысындағы соғыста қаза тапқан корей сарбаздарын еске алу рәсіміне қатысты.

Рәсімде сөйлеген сөзінде Ким: «Солтүстік Корея үкіметі егемендігін, аумақтық тұтастығын және қауіпсіздік мүдделерін қорғау мәселесінде Ресейдің саясатын толық қолдауды жалғастырады», — деді.

Екі ел 2024 жылы өзара қорғаныс келісіміне қол қойған болатын. Солтүстік Корея Курск аймағында ресейлік күштермен бірге Украинаға қарсы соғысу үшін шамамен 14 000 сарбаз жіберді. Оңтүстік Корея, Украина және Батыс ресми өкілдері қақтығыстарда 6 000-нан астам солтүстіккореялық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Қарым-қатынастар тереңдеп келеді

Ким Ресей парламентінің төрағасы Вячеслав Володинмен де кездесіп, стратегиялық серіктестік келісімі аясында екіжақты байланыстарды тереңдету ниетін қайталады. Бұл бағыт Ресей президенті Владимир Путиннің жолдаған хатында да көрініс тапты: «Ресей мен Солтүстік Корея ортақ күш-жігермен жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастырады».

ҚатыстыTRT Қазақ - Путин Солтүстік Корея әскерлеріне алғыс айтты

Ким Курск облысында соғысқан сарбаздарды жанқиярлық пен адалдықтың символына айналдыру үшін жүйелі қадам басуда. Жексенбі күні мемориал алдында өз қолымен жазған хабарламасында Ким: «Шейіттердің рухы олар қорғаған ұлы абыроймен бірге мәңгі жасайды», — деп атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті