САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Солтүстік Корея Украина мәселесінде Ресейді қолдайтынын мәлімдеді
Ким Чен Ын Ресейге соңғы рет 2023 жылдың қыркүйек айында барған еді. Ал Владимир Путин 2024 жылдың маусымында Пхеньянға сапарлай барды.
Солтүстік Корея Украина мәселесінде Ресейді қолдайтынын мәлімдеді
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Цой Сон Хи

Пхеньянның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары сейсенбі күні Солтүстік Корея мен Ресей Cыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінен кейін Украина мәселесінде Ресейді қолдайтынын қайта растағанын хабарлады. Бұл Ким Чен Ынның жақын арада Кремльге баруы мүмкін деген болжамдарды күшейтті.

Халықаралық деңгейде оқшауланған Солтүстік Корея мен Ресей 2022 жылдың басында Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы ынтымақтастығын арттырды.

Сарапшылардың пікірінше, Пхеньян Ресейдің ұрыс жүріп жатқан Курск облысына әскер жіберіп, Мәскеуге қару-жарақ жүйелерін жеткізген. Оның орнына қаржылай көмек, азық-түлік, энергия ресурстары мен әскери технология алған.

Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чхве Сон Хи мен оның ресейлік әріптесі Сергей Лавровтың Мәскеудегі кездесуінен кейін Пхеньянның мемлекеттік ақпарат құралдары екі елдің екіжақты қарым-қатынастарды ұзақ мерзімді әрі жан-жақты дамыту үдерісін жеделдетуге деген нық саяси ұстанымдарын қайта растағанын мәлімдеді.

«KCNA» мемлекеттік ақпарат агенттігі: «Солтүстік Корея Украинадағы даудың түпкі себептерін жою, ұлттық егемендігін, аумақтық тұтастығын және халықаралық әділеттілікті қорғау жолында Ресей Федерациясының ішкі және сыртқы саясатына қолдау білдіреді», — деп хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Ресей де Солтүстік Кореяның егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған күш-жігерін толық қолдайтынын білдірген.

Ресей президенті Владимир Путин Кремль жексенбі күні жариялаған бейнежазбада: «Біз жүргізіп жатқан арнайы әскери операцияға көрсетілген қолдау үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді», — деді.

Ким Чен Ын Ресейге соңғы рет 2023 жылдың қыркүйегінде барған еді. Ал Путин 2024 жылдың маусымында Пхеньянға сапарлай барды.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды