Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан өкілдері Мекке ортақ қорғаныс келісімі аясында құрылған Стратегиялық саяси және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысына қатысу үшін Эр-Риядта бас қосты.
Жиында одақтастар ортақ қорғаныс тетіктерін нығайтуға бағытталған шараларды қолға алды.
Түркиядан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Бас штаб бастығы Селчук Байрактароглу қатысты. Кездесу хоуситтердің Сауд Арабиясына шабуылдары қайта күшейіп, өңірдегі қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық артқан тұста өтті.
Фидан үш елдің Сауд Арабиясының қорғанысын қолдауға бағытталған қадамдарды талқылағанын, сонымен қатар аймақтағы мәселелерді диалог арқылы бейбіт жолмен шешу мүмкіндіктерін қарастырғанын айтты.
Аталған одақты Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан тамыз айында құрған. Кейін үш ел тұрақты құрылымдар құруға, сондай-ақ ортақ тежеу және қорғаныс мүмкіндіктерін күшейтуге уағдаласқан.
Тараптар Мекке мен Мәдина қалаларын нысанаға алу әрекеттерін айыптап, Сауд Арабиясы мен қасиетті орындарға бағытталған шабуылдарға қарсы тұруға дайын екендерін мәлімдеді.
Тежеу тетігімен қатар диалогқа да басымдық берілді
Эр-Риядтағы кездесуде одақтың аймақтық дағдарыстарға қатысты ұстанымының бір бөлігі ретінде дипломатияға да ерекше мән берілді.
Үш ел аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дипломатиялық қадамдарды ұжымдық қорғаныс шараларымен ұштастыра отырып, Мекке келісімін тұрақты әрі жүйелі қауіпсіздік тетігіне айналдыруды көздеп отыр.




















