ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
АҚШ-та орналасқан “Anthropic” және “OpenAI” жасанды интеллект компанияларының өз ішінде әзірленген, алайда әлі көпшілікке ұсынылмаған әлдеқайда озық жасанды интеллект модельдеріне ие екені айтылды.
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
"Axios": "Anthropic пен OpenAI әлдеқайда жетілдірілген жасанды интеллект жүйелеріне ие" / Reuters (Wire)
 

АҚШ-та орналасқан “Anthropic” және “OpenAI” жасанды интеллект компанияларының өз ішінде әзірленген, алайда әлі көпшілікке ұсынылмаған әлдеқайда озық жасанды интеллект модельдеріне ие екені айтылды.

“Axios” басылымының хабарлауынша, екі компанияның да көпшілікке ұсынған модельдерінен әлдеқайда жетілдірілген жүйелері бар. Алайда олар бұл модельдердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуде және оларды бақылауда ұстауда қиындыққа тап болып отыр.

Дереккөздер математика, ғылым, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект зерттеулері сияқты салаларда ой қорыту қабілеті қарқынды дамып келе жатқан модельдерді тіпті компаниялардың ішкі сынақтары кезінде де бақылау барған сайын қиындап бара жатқанын айтты.

Компаниялар ішінде және жасанды интеллектіні зерттеушілер қауымдастығында болашақта әзірленетін ең озық модельдерді көпшілікке ұсынбай, тек компания ішінде пайдалану, тіпті жаңа модельдерді оқытуды тоқтату мәселелері талқыланып жатқаны хабарланды.

“Axios” басылымына сұхбат берген зерттеушілердің бірі модельдерді адамдардан ақылдырақ болатындай етіп жетілдіру жалғаса берсе, олардың адамдарды алдай алатын деңгейге жетуі мүмкін екенін айтты.

Зерттеуші мұндай кезеңге жеткенде қазіргі қауіпсіздік әдістері тиімсіз болып қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Жетілдірілген модельдердің өздерінің ой қорыту үдерістерін бақылауды қиындатып, кейбір жағдайларда адам бақылаушыларын сендіру мақсатында жалған түсініктеме беретіні айтылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Іздеу
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Жаңа ғаламшар табылды
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
«TEKNOFEST» 4 қазанға дейін жалғасады
«Otokar» шамамен 1,5 миллиард долларлық экспорт келісімшартына қол қойды
«TEKNOFEST» жалғасуда
ЖИ адамға түсініксіз тіл қолданып, алаңдаушылық туғызып отыр
Кофенің иісі көңіл-күй мен ми толқындарын өзгерте алады
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Түркия жаһандық орталыққа айналу үшін жасанды интеллектке ірі инвестиция салуды көздейді
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар