ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар: "Тек жел және күн энергиясында 42 мың мегаваттан асып, маңызды бір белесті артта қалдырдық"
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті

Түркияның қазіргі электр энергиясының қуаттылығы мамыр айының соңындағы дерек бойынша 125 мың 598 мегаватқа жетті.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің Жаңартылатын энергияның Дүниежүзілік күні аясында жасаған мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі қуаттылықтың 62,6 пайызына тең келетін 78 мың 561 мегаваттық бөлігі жаңартылатын энергия көздерінен құралды.

Түркияның электр қуатының қуаттылығы артуын жалғастырып, мамыр айында 125 мың 598 мегаватқа дейін көтерілді. Қазіргі қуаттылық ішіндегі отандық (жергілікті) ресурстардың үлесі 71,8 пайызды құрады.

Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша электр қуатының белгіленген қуаттылығының көздеріне қарай жіктегенде 25,8 пайыздық үлеспен гидроэлектр станциялары бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындарды 21,4 пайызбен күн, 20 пайызбен табиғи газ, 12 пайызбен жел, 9,2 пайызбен жергілікті көмір, 8,3 пайызбен импорттық көмір, 1,9 пайызбен биомасса және 1,4 пайызбен геотермалдық энергия иеленді.

Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша күн және жел энергиясының белгіленген жалпы қуаттылығы 33,4 пайыздық үлеспен 42 мың 21 мегаватқа дейін өсті. Осылайша жалпы белгіленген қуаттылықтың үштен бірінен астамы тек жел мен күн энергиясынан құралды.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрақтар бұл мәліметтерге қатысты жасаған мәлімдемесінде Түркияның энергетикалық әлеуетін жаңартылатын қуат көздерімен арттыруды жалғастырып жатқандарын атап өтті.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады