ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева энергия жеткізіліміндегі қиындықтар жаһандық экономикаға кері әсер етсе, жасанды интеллектке сұраныстың артуы оң ықпал етіп отырғанын айтты.
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева / AP
 

Георгиева Таиландта өтетін жыл сайынғы жиын алдында сәрсенбі күні Сингапурда мәлімдеме жасады.

Ол жасанды интеллектінің қарқынды дамуы, энергия бағасының ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде қалуы және мемлекеттік қарыздың рекордтық көрсеткішке жетуі жаһандық экономикаға қысым жасап отырған үш негізгі фактор екенін атап өтті.

Георгиеваның бұл мәлімдемесі Францияда бюджет шығындарының қысқаруына байланысты мектептердегі жағдайдың нашарлауына наразылық білдірген студенттердің шерулері жалғасып жатқан кезде және Париж билігі бюджет тапшылығын азайтуға күш салып жатқан тұста жасалды.

Оның айтуынша, жаһандық мемлекеттік қарыз көлемі әлемдік жалпы ішкі өнімнен асып түсіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін.

Георгиева дамыған елдердің кейбірінде мемлекеттік қарыз көлемі өте жоғары деңгейге жеткенін де атап өтті.

Оның айтуынша, энергия жеткізіліміндегі қиындықтар әлі де жалғасуда. Ал жасанды интеллект барған сайын көп энергияны қажет етуде. Бұл жағдай жаһандық экономикаға ықпал етіп отыр.

Георгиева тасымал шығындарының артуы мен басқа да тәуекелдер салдарынан мұнай бағасы барреліне шамамен 100 доллар болғанын айтты. Сондай-ақ Ормуз бұғазындағы теңіз тасымалына қатысты қауіп салдарынан Парсы шығанағынан табиғи газ жеткізу айтарлықтай қиындағанын атап өтті. Ол орталық банктерді ақша-несие саясатында сақтық танытуға шақырды. Сондай-ақ жасанды интеллектке салынатын инвестициялардың күрт артуы, энергия саласындағы қиындықтар мен мемлекеттік қарыздың жоғары болуы инфляцияны одан әрі күшейтуі мүмкін екенін ескертті.

 

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»