ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия 2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында 195 миллион көлемінде лимон экспорттап,  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткішті 18 пайыз арттырды.
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
 

Эгей экспорттаушылар одағы таратқан мәліметке сәйкес, Түркия лимон экспорттаушы елдер арасында әлемде бесінші орында тұр.

Эгей жеміс-көкөніс экспорттаушылары қауымдастығының төрағасы Дженгиз Балык экспорт көлемі тоннамен есептегенде азайғанын, алайда табыстың артуы экспорттық бағасының көтерілуімен байланысты екенін айтты.

Оның сөзінше, 2025 жылғы 3 миллиард 703 миллион долларлық жеміс-көкөніс экспортының 11 пайызы лимоннан түскен. Сондай-ақ өндірілген жеміс пен көкөністің орта есеппен 7 пайызы экспортталса, лимон бойынша бұл көрсеткіш 33 пайызға жеткен.

Мақсат – 500 миллион доллардан астам экспортқа қол жеткізу

Дженгиз Балык қаңтар–сәуір айларындағы көрсеткіштерге тоқталып, «Лимон экспортынан түскен табысымыз 18 пайыз артып, 165 миллион доллардан 195 миллион долларға жетті. 2026 жылдың соңында лимон экспортын 500 миллион доллардан асыруды мақсат етіп отырмыз», – деді.

Ол Түркияның лимон экспорты 2002 жылы 230 мың тонна деңгейінде болса, 2024 жылы 577 мың тоннаға жеткенін айтты. Сондай-ақ 2026 жылғы өнім көлеміне қатысты нақты болжам жасауға әлі ерте екенін, алайда 2025 жылмен салыстырғанда мол өнім күтілетініне жеткізді.

Жылдың алғашқы төрт айында түрік лимонына ең көп сұраныс білдірген елдер қатарында Ирак (64,5 миллион доллар), Ресей (50 миллион доллар), Румыния (14,5 миллион доллар) бар.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»