ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркиядан қаңтар-маусым кезеңінде 8 миллиард 86 миллион 142 мың долларлық автомобиль бөлшектері экспортталды.
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды

Жылдың алғашқы жартысында автомобиль қосалқы бөлшектері өнеркәсібі 190-нан астам елге, еркін аймақ пен автономиялық аймаққа сыртқы сауда жасады. Өткен жылдың қаңтар-маусым кезеңінде 7 миллиард 669 миллион 582 мың доллар болған қосалқы бөлшектер экспорты үстіміздегі жылдың дәл осы кезеңінде 5,4 пайыз артып, 8 миллиард 86 миллион 142 мың долларға жетті. Автомобиль өнеркәсібінің қаңтар-маусым кезеңіндегі 20 миллиард 839 миллион 897 мың долларлық жалпы экспортының 38,8 пайызын қосалқы бөлшек өнімдері құрады.

Германия көш бастап тұр

Қосалқы бөлшектерді сыртқа сатуда ең көп экспорт жасалған елдердің арасында бірінші орынды автомобиль секторының негізгі нарығы болып табылатын Германия иеленді. Германияға жасалған 6 айлық қосалқы бөлшектер экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайыз артты. 2025 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде Германияға бағытталған қосалқы бөлшектер экспорты 1 миллиард 665 миллион 377 мың доллар болса, биылғы жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 1 миллиард 847 миллион 78 мың долларға дейін көтерілді.

Ең көп экспорт жасалған екінші ел Францияға тауар сатудағы өсім 11 пайыз болып тіркелді. Өткен жылдың алғашқы жартысында 542 миллион 35 мың долларлық қосалқы бөлшек экспорты жасалған Францияға биыл дәл осы кезеңде 602 миллион 22 мың долларлық өнім сатылды.

Үшінші орында тұрған Италияға қосалқы бөлшектер экспорты 27,4 пайыздық өсіммен 453 миллион 995 мың доллардан 578 миллион 374 мың долларға жетті.

АҚШ-қа қосалқы бөлшек экспорты 500 миллион доллардан асты

Бұл кезеңде төртінші орындағы АҚШ-қа сыртқы сауда көлемі 2,3 пайыз артып, 526 миллион 976 мың доллардан 539 миллион 232 мың долларға өсті.

Тізімнің бесінші сатысындағы Румынияға экспорт болса, 14,7 пайыз төмендеп, 509 миллион 630 мың доллардан 434 миллион 419 мың долларға дейін азайды.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?