ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Нарық шамамен үш жылдан кейін алғаш рет пайыздық мөлшерлеменің көтерілуіне дайындалып жатыр. Бұл ретте шешім қабылдаушылар Еуроаймақта энергия бағасының қымбаттауынан туындаған инфляциялық қысымды бақылауға тырысуда.
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
[МҰРАҒАТ] 21 елден тұратын еуроаймақтағы инфляция 3 пайыздан жоғары деңгейде қалып отыр. / Сурет: AFP
 

Еуропалық орталық банк (ЕОБ) бейсенбі күні негізгі пайыздық мөлшерлемені көтереді деп болжануда. Бұған Ирандағы соғысқа байланысты энергия шығындарының артуы және оның инфляцияны қайта күшейту қаупі себеп болып отыр.

21 елден тұратын Еуроаймақта инфляция ЕОБ белгілеген 2 пайыздық деңгейден едәуір жоғары болып тұр. Сонымен қатар экономикалық өсім баяулап, тоқырау белгілері байқалады. Бұл жағдай шешім қабылдаушылар арасында ақша-несие саясатын қаншалықты қатаңдату қажет екені жөнінде пікір қайшылығын тудыруда.

Сенімділікті сақтау шарасы

Экономистердің пікірінше, ЕОБ сақтық шарасы ретінде мөлшерлемені көтеруі мүмкін. Мақсат — инфляциялық болжамды тұрақтандыру және COVID-19 пандемиясынан кейінгі баға өсімінен соң орталық банктің сенімділігін нығайту.

Депозиттік мөлшерлеме шамамен үш жылдан кейін алғаш рет 2,25 пайызға дейін көтеріледі деп жоспарланып отыр. Алайда ЕОБ жақын арада мөлшерлемені одан әрі көтеруге нақты міндеттеме алудан бас тартып, жыл соңына дейін қосымша әрекет жасау мүмкіндігін қалдыруда.

Дегенмен бұл пікірмен келіспейтін сарапшылар да аз емес. Тұтынушылық сұраныстың әлсіздігі салдарынан қиын жағдайға тап болған экономикаға қосымша қатаңдату шараларын енгізу тәуекелді болатыны туралы ескеру бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - "Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»