САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Малайзия мен АҚШ қатынастары жаңа кезеңге қадам басты
Малайзия премьер-министрі Камбоджа–Таиланд бейбіт келісімі мен Газа мәселесіндегі рөлі үшін Трампқа “шынайы ризашылығын” білдірді.
Малайзия мен АҚШ қатынастары жаңа кезеңге қадам басты
Энвер Ибрагим Трампқа Камбоджа мен Таиланд арасындағы бейбіт келісім мен Газа жоспарын ілгерілетудегі «маңызды рөлі» үшін алғыс білдірді. / Reuters

Куала-Лумпурда маңызды сауда және стратегиялық минералдар жөніндегі келісімдерге қол қойғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Малайзиядан шығып, үш елді қамтитын Азия сапарының екінші аялдамасы Жапонияға жол тартты.

Малайзия премьер-министрі Энвер Ибрагим дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ президенті Дональд Трампқа Камбоджа мен Таиланд арасындағы бейбіт келісім мен Газа жоспарын ілгерілетудегі «маңызды рөлі» үшін, сондай-ақ бұл бастамаларды «әділ әрі тұрақты бейбітшіліктің үміт нышандары» деп атағаны үшін «шынайы ризашылығын» білдіргенін айтты.

Энвер “Facebook” желісінде жариялаған жазбасында Токиоға ұшар алдындағы Трамппен қысқа кездесу кезінде бұған дейін сауда, технология және аймақтық қауіпсіздік салаларындағы стратегиялық серіктестікке қатысты өткен «Малайзия–АҚШ екіжақты кездесулерінің нәтижелерін талқылау мүмкіндігі болғанын» атап өтті.

Трамп Куала-Лумпурда ірі сауда және сирек кездесетін минералдар туралы келісімдерге қол қойып, дүйсенбі күні Малайзиядан кетіп, Азия турының келесі аялдамасы Жапонияға барды.

“Truth Social” желісінде Трамп: «Малайзиядан кетіп барамын. Бұл —  ғажайып әрі өте белсенді ел. Біз үлкен сауда және сирек жер элементтері жөніндегі келісімдерге қол қойдық және ең маңыздысы кеше Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбіт келісімге қол қойдық», - деп жазды. 

Ол елден кеткен кезде әуежайда ресми шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

Малайзия сапары барысында Трамп Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлттары қауымдастығының (АСЕАН) 47-саммитіне қатысып, Камбоджа мен Таиланд арасындағы өлімге әкелген шекара қақтығыстарын тоқтатқан Куала-Лумпур бейбіт келісіміне (KL Peace Agreement) қол қою рәсіміне куә болды.

Трамп: «Соғыс жоқ! Миллиондаған өмір құтқарылды. Мұны жүзеге асыру — зор құрмет. Енді Жапонияға барамын», -деп жазды.

Трамптың Жапониядағы бағдарламасына дүйсенбі күні Император Нарухито және сейсенбіде премьер-министр Санаэ Такаичимен кеңейтілген екіжақты кездесу кіреді. Такаичи өткен аптада екі палаталы парламентте көпшілік дауыспен сайланған болатын.

Трамп сонымен қатар Иокосука қаласында “USS George Washington” әскери кемесінде қызмет ететін америкалық сарбаздарға сөз сөйлейді, ал Токио қаласында іскер топ өкілдерімен ресми қабылдау және кешкі асқа қатысады.

Жапония қорғаныс келісімі аясында 50 мыңнан астам америкалық әскер мен олардың базаларына мекен болып отыр.

“Kyodo” ақпарат агенттігі сенбі күні дереккөздерге сүйеніп хабарлағандай, Трамптың сапары барысында Жапония мен АҚШ кеме жасау, жасанды интеллект және озық байланыс технологияларын қамтитын бірқатар келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Жапониядан кейін Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммитіне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға барады, онда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланған.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды