САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қарсы АҚШ-пен бірлесіп жаңа әскери операция жүргізу үшін президент Дональд Трампқа қысым көрсетіп жатқаны хабарланды.
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда» / AP (Wire)
 

Израильдің «KAN» мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, «АҚШ жыл соңына дейін аймақтағы әскери күштерін қысқартуы мүмкін» деген алаңдаушылыққа байланысты Израильдің уақытша премьер-министрі Нетаньяху Вашингтонды 4–7 күнге созылатын бірлескен әуе шабуылын жасауға көндіруге тырысуда.

Израильдегі оппозиция жетекшісі Гади Айзенкоттың үкімет құру әрекеттеріне кедергі келтіруге тырысып жүрген Нетаньяхудың Иранға қарсы жаңа шабуыл  жасауды талап етіп отырғаны айтылды.

Алайда Израильдің саяси басшылығы мен жоғары қолбасшылығы арасында шабуылдың қашан жасалатыны және қандай нысандарға бағытталатыны жөнінде келіспеушіліктер бар.

«KAN» телеарнасына сұхбат берген Израильдің жоғары лауазымды өкілі Нетаньяху қолдап отырған шабуыл Иранның әскери әлеуетін әлсіреткенімен, елдегі биліктің құлауына әкелмейтінін айтты.

Ал Израиль Бас штабының бастығы Эяль Замир АҚШ-пен толық келісімге келмейінше ешқандай әскери әрекетке бармау керектігін атап өткен. Сондай-ақ ол ұзаққа созылатын, екі тарапты да әлсірететін соғысқа ұрыну қаупі бар екенін ескерткен.

«Maariv» газетіне сұхбат берген израильдік әскери дереккөздер бұл жолы Иранды күтпеген жерден соққыға жығу мүмкін емес екенін алға тартты. Олардың пікірінше, алғашқы әскери соққыны Тегеранның өзі жасауы мүмкін.

Ақпаратта АҚШ-тың ықтимал шабуылына қатысты жоспарды құпия сақтау мақсатында Израиль күштері мен Азаматтық қорғаныс қолбасшылығы арнайы шаралар әзірлегені айтылды.

Бұл жоспарға сәйкес, АҚШ Иранға шабуыл жасау туралы шешімін Израильге хабарлаған жағдайда, ел тұрғындарына алдын ала ескерту жасалмайды. Шабуыл туралы ақпарат тек азаматтық ұшақтарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін әуе компанияларының басшыларына, сондай-ақ энергетика саласы сияқты маңызды қызметтерге жауапты санаулы лауазымды тұлғаларға ғана беріледі.

Сонымен қатар Азаматтық қорғаныс қолбасшылығына қарасты құтқару бөлімшелері басқа міндеттерді орындау деген сылтаумен стратегиялық маңызды нысандарға жіберіледі. Ал Израиль халқына Иранға қарсы алғашқы шабуылдар аяқталғаннан кейін ғана бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты шешім қабылдауға асықпайтынын мәлімдеген болатын.

«Мен Иран мәселесіне қатысты қандай да бір шешімді асығыс қабылдамаймын. Жаңа жылдан кейін жағдайдың қалай өрбитінін көреміз», – деген еді Трамп.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»