САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
«The Wall Street Journal» (WSJ) газеті АҚШ-тың ресми тұлғалары соңғы күндері Ресей-Украина соғысын аяқтау мақсатында жабық есік жағдайында өткен кездесулерде Донбасстың бақылауын Ресейге беруі есебінен Украинаның НАТО-ға мүше болуы мәселесін көтерге
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді / TRT Haber
 

«The Wall Street Journal» (WSJ) газетінің мәселеге жақын дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы әрі арнайы өкілі Джаред Кушнер соңғы айларда жабық есік жағдайында жүргізілген Украина бойынша бейбіт келіссөздерде «Украинаның Ресейге жер беруі есебінен НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелген.

Трамптың көпшілік алдында жасаған мәлімдемелерінде Украинаның НАТО-ға мүшелігін жоққа шығарғанына назар аударған дереккөздер соған қарамастан Кушнер мен Трамптың Бейбітшілік жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткоффтың соңғы кездесулерде бұл тақырыпты жиі қозғағанын жеткізді.

Күн тәртібінде 2 сценарий бар

Дереккөздер бұл мәселенің соңғы рет өткен аптада Дублинде Кушнер мен Уиткоффтың Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткізген кездесуінде талқыланғанын атап өтті.

АҚШ-тың соңғы кездесулерде 2 сценарийді ұсынғанына назар аударған дереккөздер олардың алғашқысы НАТО мүшелігі есебінен Украинаның Донбасс аймағының бақылауын Ресейге беруі екенін мәлімдеді.

Дереккөздер екінші сценарийдің Донбасс Украинаның қарамағында қалатындай етіп қақтығысты тоқтату және Украинаға АҚШ пен Еуропа елдерімен жасалатын келісім арқылы Ресей шабуылдарына қарсы қауіпсіздік кепілдіктерін беру екенін атап көрсетті.

 

 

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»