САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран АҚШ-қа бір ай уақыт берді
Дональд Трамп Иран ұсынған ұсынысқа қанағаттанбағанын айтып, бірақ қарап шығатынын жеткізді.
Иран АҚШ-қа бір ай уақыт берді
Иран АҚШ-қа бір ай уақыт берді / Reuters
 

Сенбі күні «Axios» жариялаған хабарға сәйкес, Иран Ормуз бұғазының қайта ашылуы, АҚШ-тың теңіз қоршауын тоқтатуы және Иран мен Ливандағы соғыстың түбегейлі аяқталуына қатысты келіссөздер үшін бір ай уақыт берді.

Тегеран бейсенбі күні Вашингтонға 14 тармақтан тұратын жаңартылған ұсыныс жолдады. Құжатпен таныс екі дереккөздің айтуынша, ұсыныс теңізге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін, АҚШ-тың теңіз қоршауын тоқтататын және тұрақты бітім орнатуды көздейтін келісімге қол жеткізу үшін нақты бір айлық кестені қамтиды.

Журналистердің «жаңа шабуыл жасау жөнінде бұйрық бересіз бе?» деген сұрағына Дональд Трамп: «Егер олар дұрыс әрекет етпесе, шабуыл жасалуы мүмкін. Көреміз. Бірақ бұл міндетті түрде болуы мүмкін», – деді.

Дереккөздерге сәйкес, ұсыныс алғашқы келісімнен кейін ядролық бағдарламаға бағытталатын қосымша бір айлық екінші кезеңді де қарастырады.

Жұма күні ұсынысқа көңілі толмайтынын жеткізген Дональд Трамп сенбі күні Пальм-Бичтен Майамиге ұшар алдында журналистерге құжатты ұшу барысында қарап шығатынын айтты. «Қарап жатырмын. Кейін хабарлаймын», – деді ол.

Бірнеше минуттан кейін «Truth Social» желісінде Трамп қатаң пікір білдіріп, бұл ұсыныстың «қабылдануы мүмкін емес» екенін айтты. Ол: «Иран соңғы 47 жылда адамзат пен әлемге жасаған әрекеттері үшін әлі ауыр жаза алған жоқ»,- деп мәлімдеді.

Сондай-ақ Трамп Иран порттарына қатысты қоршауды «достық сипаттағы шара»  деп атап, оның соғыстың аяқталғаны туралы мәлімдемеге қайшы келмейтінін алға тартты.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Іздеу
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек