САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін Иранға ешқандай шабуыл жасалмайтынын мәлімдегеніне қарамастан, АҚШ күштерінің Иранға қарсы әскери соққы беру жолдарын қарастырып жатқаны хабарланды.
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»

«The New York Times» (NYT) газеті аты-жөнін жарияламаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің үш ұшақ тасығыш кемесі Таяу Шығысқа жақын арада жететінін хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Трамптың тапсырмасы бойынша АҚШ әскері Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымыран қорына, энергетикалық нысандарына және басқа да әскери нысандарына соққы беру жоспарларын әзірлеп жатыр.

Шамамен үш күнге созылуы мүмкін шабуылдар кезінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының басқару орталықтары мен штаб-пәтерлері де нысанаға алынуы ықтимал екені айтылды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін Иранға ешқандай шабуыл жасалмайтынын мәлімдеген болатын.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады