Түркияның Статистика институты қараша айындағы тұтынушылардың сенім индексіне қатысты мәліметтерді жариялады.
Түркияның Статистика институты мен Түркия Орталық банкі бірлесіп жүргізген тұтынушылардың экономикалық жағдайға қатысты пікірлері мен болжамдарын анықтау сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың сенім индексі қазан айындағы 84,8 көрсеткіштен қарашада 2,4 пайыз өсіп, 86,8-ді құрады.
Отбасылардың қазіргі қаржылық жағдайын көрсететін индекс қараша айында 0,04 пайыз өсіп, 68,3-тен 68,4-ке көтерілді.
Алдағы 12 айда отбасылардың қаржылық жағдайы қалай өзгеретініне қатысты болжамды көрсететін индекс қарашада 3,4 пайыз өсіп, 89,4-ке жетті.
Алдағы 12 айда елдің жалпы экономикалық жағдайы қалай өзгеретініне қатысты халықтың болжамын көрсететін индекс қарашада 2,9 пайыз артып, 84,1-ді құрады.
Сонымен қатар алдағы 12 айда тұрмыстық техника, жиһаз сияқты ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды сатып алуға қаржы жұмсау ниетін көрсететін индекс қараша айында 2,5 пайыз өсіп, 105,3-ке жетті.














