Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы шамамен 25 мың адамға арналған азық-түлік көмегін Газадағы мұқтаж жандарға жеткізді.
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының мәлімдемесіне сәйкес, Газада жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарыстың салдарын азайту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Үлестіру жұмыстары аясында шамамен 25 мың адамға арналған азық-түлік көмегі өңірдегі мұқтаж адамдарға табысталды.
Осы орайда аймақта жұмысын қайта бастаған Газа кеңсесі арқылы жергілікті қажеттіліктерді анықтау және қалпына келтіру жұмыстарын неғұрлым тиімді жүргізіп отырған Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы қайырымды жандардың қолдауымен әзірленген 5 мың 300 дана азық-түлік қорабын Газаның әр түрлі аудандарындағы мұқтаж тұрғындарға таратты.
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы күн сайын 150 тонна ауыз су тарату арқылы кемінде 15 мың адамның таза суға деген қажеттілігін, ал қоғамдық асханалар арқылы күніне 30 мың адамның ыстық тамаққа деген қажеттілігін өтеп отыр.
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы өңірге жасалған шабуылдар салдарынан аяқ-қолынан айырылған жандар үшін «Протез-Ортез» қолдау жобасын бастады. Газадағы ауруханалар және оңалту орталықтарымен үйлестіре отырып жүзеге асырылатын жоба аясында көмек алушылар өздеріне арнап жасалған протездерге қол жеткізуде.
Қоғам соғыстан зардап шеккен газалық балалар үшін «Газа – Көңілді балалар» жобасын да жалғастыруда. Жоба аясында Қызыл Жарты Ай топтары балаларға арналған ойын мен қойылымдар ұйымдастырып, тәтті таратуда.














