Түркияның тұңғыш ұшқышсыз жойғыш ұшағы «KIZILELMA» армияның инвентарына қабылданды. Алғашқы 3 ұшақтың қауіпсіздік күштеріне табысталуы халықаралық баспасөзде кеңінен қамтылды.
Америкалық қорғаныс саласының басылымдары «KIZILELMA-ға» ерекше назар аударды.
Авиациялық басылым «Aviation Week» бұл оқиғаны «Түрік әскері Baykar KIZILELMA-ны қабылдап алды» деген тақырыппен жариялады.
Басылым «Baykar» компаниясының әлемдік авиация тарихында тың жаңалық ашқаны туралы мәлімдемесіне орын берді.
Ал АҚШ-та орналасқан «Al-Monitor» басылымы «KIZILELMA-ның» қарулы күштер сапына енуін Түркияның әуе күштеріне қосатын жаңа мүмкіндіктерімен байланыстыра талдады.
«Дәстүрлі авиацияға жасалған үлкен сын»
«KIZILELMA-ның» әскер қатарына қосылуы грек баспасөзінде де күн тәртібіне шықты.
Қорғаныс саласына маманданған «OnAlert» басылымы «KIZILELMA-ның» 600 сынақ және оқу-жаттығу ұшуын орындағанын жазды.
Ал «ΠΤΗΣΗ» журналы «KIZILELMA-ның» «әуе-әуе» санатындағы ұрыс жүргізу және басқарылатын жойғыш ұшақтармен бірлескен операцияларды орындау қабілеттеріне тоқталды.
Ресейлік «EADaily» ақпарат агенттігі бұл жаңалықты оқырмандарына «Дәстүрлі авиацияға жасалған үлкен сын» деген тақырыппен жеткізді.
Агенттік алғашқы үш «KIZILELMA-ның» тапсырылуы мен ұшақтың болашақтағы мүмкіндіктерін қарастырды.














