ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Ахмет Йылдыз теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тетігі теңіз сауда жолдарын қорғауға және Қаратеңіз арқылы экспортталатын өнімдерге тәуелді елдердің азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етілуіне бағытталғанын айтты.
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз / Reuters
 

Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз әзірленіп жатқан тетіктің Қаратеңіздегі сауда кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге және осы аймақтан экспортталатын өнімдерге тәуелді елдерге азық-түліктің үздіксіз жеткізілуіне бағытталғанын айтты.

Елші Йылдыз Қаратеңіздегі сауда кемелерінің қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін кедергісіз жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді тетік әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Украинаның бейбітшілігі мен қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында өткен отырысында елші Ахмет Йылдыз:

«Қазіргі уақытта Қаратеңіздегі сауда кемелерінің қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге және азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізуге бағытталған тиімді тетік әзірлеп жатырмыз», – деді.

«Қаратеңіз астық бастамасы аясында жинақтаған тәжірибемізге сүйене отырып, мұндай тетік барлық елге, әсіресе осы өнімдерге тәуелді мемлекеттерге пайдалы болады деп сенеміз», – деп қосты Йылдыз.

Cтамбулда қол қойылған астық келісімі

Қаратеңіз астық бастамасына 2022 жылдың 22 шілдесінде Стамбулда Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ қол қойған болатын.

Келісім аясында Украинаның белгіленген порттарынан қауіпсіз гуманитарлық теңіз дәлізі ашылып, соғыс салдарынан тоқтап қалған аса маңызды астық, азық-түлік және тыңайтқыш экспорты қайта жанданды.

Йылдыз бұл бастаманың соғыс салдарының Қаратеңізге таралуына жол бермейтін тұрақты тетік болғанын еске салды. Сондай-ақ Түркияның Қаратеңізде ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өзінің геосаяси орнын, тараптармен ашық байланыс арналарын және дипломатиялық делдалдық тәжірибесін пайдаланатынын атап өтті.

Йылдыз Түркияның соғыстың алғашқы күнінен бері Қаратеңіздегі тұрақтылықты сақтау үшін үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Бұған мысал ретінде қарулы қақтығыс кезінде соғысушы тараптардың әскери кемелеріне Түркия бұғаздарын жабуға мүмкіндік беретін Монтрё конвенциясының 19-бабының қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

Елші Түркияның конвенция талаптарын қатаң әрі бейтарап түрде орындап келе жатқанын және алдағы уақытта да осы ұстанымын сақтайтынын баса айтты.

Йылдыз Қаратеңіз жағалауының ең ұзын бөлігі Түркияға тиесілі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Түркия, Румыния және Болгария бірлесіп құрған Қаратеңіздегі миналарға қарсы күрес жөніндегі жедел топты өңірлік ынтымақтастықтың нақты нәтижесі ретінде мысалға келтірді.

Түркияның Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдайтынын тағы бір мәрте атап өткен Йылдыз келіссөздер арқылы шешімге келу Украинада бейбітшілік орнатудың бірден-бір жолы екенін айтты.

 

Іздеу
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»