САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Кардиналдар алқасы жаңа Папаны сайлау үшін бас қосты
Конклавтың 6 мамырдан бұрын басталмайтыны болжануда.
Кардиналдар алқасы жаңа Папаны сайлау үшін бас қосты
/ AP

Папа Францисктың жерлеу рәсімінен кейін дүйсенбі күні кардиналдар алқасы алғаш рет жиналды. Құпия түрде өткізілетін, Папаны сайлау рәсімі ретінде белгілі конклавтың басталу ықтимал күнін талқылаған алқа мүшелері жаңа Папаны сайлауға дайындықты бастады.

Шешім түскі уақытта (GMT уақытымен 10:00-де) жариялануы мүмкін екені хабарланды.
Конклавтың 6 мамырдан бұрын басталмайтыны болжанып отыр.

Папалар сайлауы өтетін 16-шы ғасырдан қалған әйгілі Сикст капелласы дүйсенбі күні туристерге жабылып, дауыс беруге дайындықтар басталды.
Соңғы екі конклав 2005 және 2013 жылдары өткізілген және бар болғаны екі күнге созылған болатын.

Алайда швед кардиналы Андерс Арборелиус дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде бұл жолғы конклавтың ұзағырақ болуы мүмкін екенін айтты. Оның себебі ретінде Папа Францисктың тағайындаған көптеген кардиналының бір-бірімен бұрыннан таныс болмауын алға тартты.

Франциск Мьянма, Гаити және Руанда сияқты бұрын кардиналдары болмаған аймақтардан жаңа кардиналдар тағайындауға басымдық берген болатын.
«Біз бір-бірімізді танымаймыз», – деді конклавқа қатысатын 80 жасқа толмаған шамамен 135 кардиналдың бірі- Арборелиус.

2013 жылдан бері Папа болған Франциск 21 сәуір күні 88 жасында қайтыс болды.
Оның сенбі күні өткен жерлеу рәсіміне және Римдегі Санта Мария Маджоре базиликасындағы қабіріне жасалған құрмет шеруіне 400 мыңнан астам адам қатысты.

Неміс кардиналы Вальтер Каспер “La Repubblica” газетіне берген сұхбатында
"Франциск үшін қайғырып жиналған халық католиктердің келесі Папаның реформалық бағытты жалғастырғанын қалайтынын көрсетті," – деді.

Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа Франциск әдетте консервативті болып саналатын Рим- католик шіркеуінің жаңаша тақырыптарды талқылауына жол ашты, мысалы әйелдердің діни қызметке тағайындалу мүмкіндігі сияқты мәселелерді көтерді.

"Құдайдың халқы өз таңдауын іс-әрекетімен білдірді." – деді конклавқа қатыспайтын 92 жастағы Каспер.
"Біз Францисктың жолымен жүруіміз керек деп санаймын," – деді ол.

Алайда консервативті кардиналдар бұған қарсы шығып, дәстүрлерді қайтадан күшейтетін әрі Францисктың ашық әрі инклюзивті шіркеу көзқарасын шектеуге тырысатын Папаны сайлауға ұмтылады.

 

 

 

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады