САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда, АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлерін қорғауға дайын екенін мәлімдеп, теңіз саудасына арналған федералдық сақтандыру механизмін іске қосуды тапсырды.
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда, АҚШ Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай танкерлерін қорғай алатынын, сондай-ақ Парсы шығанағы арқылы өтетін кемелер үшін сақтандыру кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергенін мәлімдеді.

«Truth Social» платформасындағы жазбасында Трамп АҚШ Халықаралық даму қаржы саяси тәуекелдерге арналған сақтандыру мен кепілдіктерді қолжетімді бағамен ұсынуды тапсырғанын айтты.

Трамп: «Бұдан былай Парсы шығанағы арқылы өтетін барлық коммерциялық  кемелердің, әсіресе энергетикалық жүк тасымалдайтын кемелердің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АҚШ Даму Қаржы Корпорациясына  сақтандыру мен кепілдіктерді өте қолайлы бағамен ұсынуды бұйырдым», - деп жазды. Оның айтуынша, бұл шара барлық теңіз тасымалы желілеріне қатысты болады.

Трамп сондай-ақ: «Қажет болған жағдайда АҚШ Әскери-теңіз күштері жақын арада Ормуз бұғазынан өтетін танкерлерге ілесіп, қорғай бастайды. Қандай жағдай болса да, Америка Құрама Штаттары энергияның әлемге еркін жеткізілуін қамтамасыз етеді», - деді.

АҚШ президенті қосымша шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтып, АҚШ-тың экономикалық және әскери қуаты теңдессіз екенін атап өтті.

Бұл мәлімдемелер Иран осы апта әлемдік энергетикалық жеткізілім үшін аса маңызды теңіз жолы саналатын Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді нысанаға алуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін жасалды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті

Аймақта кейбір мұнай танкерлеріне шабуыл жасалғаны хабарланды.

«Skuld», «Steamship Mutual» және «North Standard» сияқты бірқатар теңіз сақтандыру компаниясы қызмет алушыларға өңірдегі су айдындарында соғыс салдарынан келетін шығындарды сақтандыруды тоқтататынын хабарлады.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағын Араб теңізімен жалғайтын тар теңіз өткелі және әлемдік мұнай тасымалы үшін ең маңызды бағыттардың бірі.

Аймақтағы шиеленістің күшеюі коммерциялық теңіз тасымалының қауіпсіздігі мен жаһандық энергия нарығына ықтимал әсеріне қатысты алаңдаушылықты арттырды.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты