САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
Өкілдер палатасы мен Сенаттағы демократтар Конгресс рұқсат бергенге дейін Трампты қақтығысты тоқтатуға міндеттейтін бірнеше соғыс өкілеттігі туралы қарарды қабылдай алмады.
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
 

Пентагон басшысы Пит Хегсет қақтығысты тоқтату әрекеттерінің тығырыққа тірелуіне және АҚШ-тың Тегеранның Ормуз бұғазын қайта ашу туралы соңғы ұсынысына күмәнмен қарайтыны туралы хабарлардан кейін Иран соғысына қатысты Конгресте алғаш рет жауап береді.

Хегсет Трамп әкімшілігі Иранға қарсы соғыс бастағаннан бері сәрсенбі күні алғаш рет депутаттардың сұрақтарына жауап береді. Демократтар бұл соғысты Конгрестің мақұлдауынсыз басталған, шығыны көп әрі «таңдалған қақтығыс» деп санайды. Өкілдер палатасындағы демократтар осы айдың басында Хегсетке «ауыр қылмыс мен теріс қылықтар жасады» деген айыппен алты тармақтан тұратын импичмент туралы ұсыныс берген болатын.

Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетіндегі отырыс әкімшіліктің қорғаныс шығындарын тарихи деңгейге — 1,5 триллион долларға дейін арттыратын 2027 жылғы әскери бюджет ұсынысын талқылау үшін ұйымдастырылуда. Хегсет пен Штаб төрағасы Дэн Кейн зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері мен әскери кемелер қажет екенін баса айтады деп күтілуде.

Демократтар Иран соғысының өсіп келе жатқан шығындарына, АҚШ-тың маңызды оқ-дәрі қорларының таусылуына және балалар қаза тапқан мектептің бомбалануына назар аударуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір депутаттар армияның АҚШ қорғанысын бұзып өткен және американдық сарбаздардың өліміне немесе жаралануына әкеп соққан ирандық дрондарға қаншалықты дайын екенін сұрауы ықтимал.

Қазіргі уақытта атысты тоқтату режимі күшінде болғанымен, АҚШ пен Израиль соғысты 28 ақпанда Конгресс бақылауынсыз бастаған еді. Республикашылдар Иранның ядролық бағдарламасын, келіссөздердің қайта басталу мүмкіндігін және әскерді шегіндірудің жоғары қаупін алға тартып, әзірге Трамптың соғыс уақытындағы көшбасшылығына сенетіндерін мәлімдеді.

Дегенмен Республикашыл депутаттар да қақтығыстың тезірек аяқталуын қалайды және соғыс ұзаққа созылған жағдайда бұл мәселенің президент үшін үлкен сынаққа айналуы мүмкін екенін түсінеді.

Сейсенбі күні Ақ Үйде өткен ресми кешкі аста Трамп Ұлыбритания королі III Чарльз бен басқа да қонақтарға Иранның «әскери тұрғыдан жеңілгенін» айтты. Ол сонымен бірге: «Чарльз менің бұл пікірімді менен де көбірек қолдап отыр; қарсыласымыздың ешқашан ядролық қаруға ие болуына жол бермейміз», — деді. Алайда Иран армиясының өкілі сейсенбі күні мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында: «Соғыс бітті деп ойламаймыз», — деп мәлімдеп, Тегеранның «Америкаға сенімі жоқ» екенін жеткізді.

Іздеу
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді