САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран Трамптың ядролық келіссөздерге қатысты хатына жауап берді
Иран Сыртқы істер министрі «Бұл ресми жауапта қазіргі жағдай мен Трамп мырзаның хатына қатысты біздің ұстанымымыз толық түсіндірілген хат бар», – деді.
Иран Трамптың ядролық келіссөздерге қатысты хатына жауап берді
Reuters / Reuters
28 Наурыз 2025

Иран АҚШ президенті Дональд Трамптың ядролық келіссөздер туралы үндеуіне және Иран келіссөздерден бас тартқан жағдайда әскери араласумен қорқытқан хатына жауап бергенін  мәлімдеді.

Аббас Аракчи бейсенбі күні «IRNA» ресми ақпарат агенттігіне берген мәлімдемесінде «Бұл ресми жауапта қазіргі жағдай мен Трамп мырзаның хатына қатысты біздің ұстанымымыз толық түсіндірілген хат бар», – деді. Ол бұл хаттың Оманға жеткізілгенін де айтты.

АҚШ пен Иран арасында дипломатиялық қарым-қатынас болмағандықтан, бұрын да арағайын болған Оман хаттың жеткізілуіне ықпал етті.

2018 жылы Трамп АҚШ-ты Иранның ядролық бағдарламасын шектеу үшін санкцияларды жеңілдетуді көздейтін келісімнен шығарған болатын. Бірақ наурыз айының басында Иран көшбасшысы Али Хаменейге хат жібергенін және дипломатиялық келіссөздерге ашық екенін мәлімдеді.

Осыған қарамастан Трамп әкімшілігі қосымша санкциялар мен әскери араласу қаупін қамтитын Иранға қарсы «максималды қысым» науқанын жалғастырды.

Жанама келіссөздерге ашықтық

Аракчи Иранның Трамптың «максималды қысым науқаны» аясында АҚШ-пен тікелей келіссөздерден бас тартқанын, бірақ жанама келіссөздерге ашық екенін айтты.

«Біздің саясатымыз «максималды қысым» және әскери араласу қаупі жағдайында АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізбеу болып қала береді, бірақ бұрынғыдай жанама келіссөздер жалғасуы мүмкін», – деді Аракчи.

Араб елдері және жанама дипломатия

Иран мен АҚШ 1980 жылдан бері ресми дипломатиялық қатынастар орнатпаған. Дегенмен екі ел арасындағы хабарлама алмасу негізінен Швейцарияның Ирандағы елшілігі арқылы жүзеге асырылуда.

Бұған дейін Оман және кейде Катар сияқты елдер де тараптар арасындағы делдал рөлін атқарды. Трамптың соңғы хаты Иранға Біріккен Араб Әмірліктері арқылы жеткізілді.

Иран 2015 жылы АҚШ пен Қытай сияқты ірі державалармен келіссөздерден кейін ядролық бағдарламасын шектеуге келісті. Бірақ Батыс елдері «Тегеран жасырын ядролық қару жасауды дамытуда» деп күдіктенеді. Ал Иран өз бағдарламасының тек азаматтық мақсаттарға арналғанын алға тартады.

Трамп әкімшілігінің 2018 жылы келісімнен шығуға шешім қабылдауының басты себептерінің бірі Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасының келісімде қамтылмаған болатын. Вашингтон бұл бағдарламаны өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп ретінде қабылдады.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің мәліметінше Иран Трамп келісімнен шыққаннан кейін бір жыл бойы келісімді сақтаған, бірақ кейін өз міндеттемелерін қысқарта бастаған.

Іздеу
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Пәкістанда қаза тапқандар саны 250-ге жетті
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Польшада қару-жарақ қоймасына дрон құлады
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады