ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
АҚШ-тың Иран авиациясына қарсы жаңа санкцияларынан кейін Ирак, Әзербайжан, Грузия, Оман және БАӘ Иранмен арадағы рейстерді тоқтатқан еді.
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Иран авиация саласындағы шектеулерге байланысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жүгінді.
 

Иранның Азаматтық авиация ұйымының төрағасы Абузер Шируди елінің авиация саласына қатысты шектеулерге байланысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) шағым түсіргенін мәлімдеді.

Иранның “IRNA” ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шируди Иранға енгізілген ұшу шектеулері туралы айтты.

Иранның кедергілерді жою және бұрын жұмыс істеген бағыттар бойынша рейстерді қайта бастау мақсатында құқықтық және дипломатиялық жолдарды қолданып жатқанын айтқан Шируди АҚШ-тың Иран авиация саласына қатысты шектеулеріне байланысты ICAO-ға шағым түсіріп, мәселеге қатысты құжаттарды ұсынғандарын атап өтті.

Шируди Еуропа елдеріне тікелей рейстерге қойылған шектеулерге байланысты Стамбул бастаған аймақтық авиациялық хабтар арқылы транзиттік рейстер жүзеге асырылып жатқанын және бұл тәсілдің балама шешім ретінде қолданыла беретінін жеткізді.

АҚШ-тың Иран авиация саласына қарсы жаңа санкцияларының салдарынан Ирак, Әзербайжан, Грузия, Оман және Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Ираннан келетін және Иранға ұшатын рейстерді тоқтатқан еді.

Ирак пен Иран арасында рейстерді Тегеран–Бағдат бағытының орнына Тегеран–Наджаф бағыты бойынша орындау жөнінде келіссөздер жүргізілген, алайда кейін Тегеран–Наджаф рейстері де тоқтатылған еді.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды