ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей генералы бомбалы шабуылда қаза тапты
Генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты.
Ресей генералы бомбалы шабуылда қаза тапты
2025 ж 22 желтоқсан. Ресей, Мәскеу. Ресейдің жоғары лауазымды генералы көлікке орнатылған бомбадан қаза тапты. / Reuters
 

Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Мәскеудің оңтүстігінде Фанил Сарваров көлігінің астына қойылған жарылғыш құрылғының салдарынан қаза тапты.

Комитет “Telegram”-да жариялаған мәлімдемесінде Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Оперативтік даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваровтың жарылыс салдарынан алған жарақаттарынан көз жұмғанын хабарлады.

«Тергеушілердің мәліметінше, 22 желтоқсан күні таңертең Мәскеудегі Ясеневская көшесінде автокөліктің астына орнатылған жарылғыш құрылғы іске қосылған», - делінген хабарламада.

Мәлімдемеде Мәскеуде қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Мәлімдемеде «Тергеушілер кісі өлтіруге қатысты бірнеше болжамды қарастыруда. Соның бірі — қылмыстың Украина барлау қызметтері тарапынан ұйымдастырылуы мүмкін деген нұсқа», - делінген.

Украина билігі бұл айыптауларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия құрамасының жұлдызы Арда Гүлер «Реал Мадридпен» келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты
2035 жылға қарай ислам әлемдегі ең көп таралған дінге айналуы мүмкін
Франция өзге елдерді климат мәселесіндегі жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырды
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
АҚШ пен Ресей президенттері саммитке дайындықты талқылады
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Ресей-Украина соғысы 311 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газы көлемінде шығарынды тудырды