Израиль армиясында биыл өз-өзіне қол жұмсаған әскери қызметкерлердің саны 23-ке жетіп, соңғы 16 жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
Израильдің “Haaretz” газетінде жарияланған мақалада сарбаздар арасында суицид жағдайларының көбеюіне қатысты дерек келтірілді.
Басылымның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері 23 израильдік сарбаз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған.
Бұл көрсеткіш Израиль армиясында соңғы 16 жылда тіркелген ең жоғары жылдық көрсеткіш екені хабарланды.
Мақалада Израиль 2023 жылдың қазан айында Газа секторына шабуылдарын бастағаннан бері сарбаздар арасындағы суицид жағдайлары көбейгені айтылды. Ал Газаға жасалған шабуылдарға дейінгі он жылда жыл сайын орта есеппен 12 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған.
Басылымның дерегінше, 2023 жылдың қазанынан сол жылдың соңына дейін әскери қызметтегі 7 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 21-ге, ал 2025 жылы 22-ге дейін өскен.
Израиль баспасөзінде жарияланған сараптамаларда әскерилер арасындағы суицид жағдайларының артуы Газада ұзақ уақытқа созылған әскери операциялардың ауыр психологиялық зардаптары және жарақаттан кейінгі күйзеліспен байланыстырылады.















