ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
«Газа балалары аш болса, біз де аш жүреміз»
Палестина мен араб белсенділері Израильдің Газаға жасаған қоршауына наразылық білдіру үшін аштық жариялады.
«Газа балалары аш болса, біз де аш жүреміз»
/ Reuters

Палестина мен араб белсенділері Израильдің Газаға жасаған қоршауына наразылық білдіру үшін аштық жариялады. Денсаулық сақтау қызметкерлері аштық пен жеткіліксіз тамақтану салдарынан ондаған баланың қаза тапқанын хабарлады.

Израильдің Газа секторына қатысты қоршауынa қарсы араб әлемінде аштық акциялары бірінен кейін бірі басталып жатқан кезде палестиналық денсаулық сақтау органдары ашаршылық балаларды алаңдатарлық жылдамдықпен жалмап бара жатқанын ескертуде.

20 шілдеде толық аштық жариялаған Газа Азаматтық Қорғаныс өкілі Махмуд Басал:
«Егер Газа балаларының жейтін тамағы болмаса, барлығы аштық жариялауы тиіс», - деді.

Мысырда орналасқан “Al Qahera News Channel” арнасына сұхбат берген Басал:
«Халқым тамақ жей алатын күнге дейін және оларға көмек лайық түрде жеткізілмейінше мен де тамақ ішпеймін», – деді.

Басал Газа секторындағы жағдайды «жүйелі түрде жүргізіліп жатқан ұжымдық жазалау» деп бағалап, араб үкіметтері, Еуропа парламенттері және дін қайраткерлерін бос уәдеден нақты әрекетке көшуге шақырды. «Егер Газа балаларының жейтін тамағы болмаса, барлығы бірігіп аштық жариялауы тиіс», – деді ол.

Бұл науқанға қосылғандардың қатарында Тунистің бұрынғы президенті Монсеф Марзуки де бар. Ол дүйсенбі күні “X” әлеуметтік желісінде символикалық аштық жариялағанын хабарлады.

Тунис журналисі Бассам Бунни де аштық акциясына қосылғанын мәлімдеді. Ол Израильдің аштықты қару ретінде пайдаланып отырғанын және гуманитарлық көмекті әскери құралға айналдырғанын айтып, бұл жағдайға қарсылық білдіру үшін аштық жариялағанын атап өтті.

Бунни #hungerstrikeforgaza (Газа үшін аштық жариялау) хештегін бастап, басқа әлеуметтік желі қолданушыларын маңызды емес мазмұн жариялаудан тартынуға және оқиғалар туралы ақпаратты бірнеше тілде бөлісу арқылы қоғам назарын арттыруға шақырды.

Осы арада Газа қоршауын бұзу жөніндегі халықаралық комитет сейсенбі күнін «Ашу сейсенбісі» деп атап, әлемдік деңгейдегі аштық жариялау акциясына шақыру жасады.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың қазан айынан бері кемінде 86 палестиналықтың, оның ішінде 76 баланың аштық пен жеткіліксіз тамақтану салдарынан қаза тапқанын хабарлап, бұл дағдарысты «үнсіз қырғын» деп атады.

Министрлік соңғы 24 сағаттың ішінде ғана аштыққа байланысты 18 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Министрлік Израильдің 2 наурыздан бері барлық шекара өткелдерін жауып тастағанын еске сала отырып, қоршаудағы аймаққа азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткізілуі үшін шекаралардың дереу ашылуын талап етті.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады